Қазақстан-Германия бірлескен орталығын құру мәселесі талқыланды
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығына ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне және оның салдарларына бейімдеу жөніндегі Қазақстан-неміс бірлескен орталығын құру мәселесін талқылау мақсатында Германиядан арнайы делегация келді.

Неміс тарапынан кеңеске ГФР-ның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің орынбасары Хольгар Коллей мырза, Central Asia Sustainable innovation Bureau жобалық кеңсесінің жетекшісі Питер Либельт, Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалог жобасының жетекшісі Йорг Динкелакер мырза қатысты.

Кеңес барысында тараптар "Қазақстанның құрғақ далалық аймақтары мен Сібірдің оңтүстік-батысындағы климаттың өзгеруі жағдайында ауылшаруашылығы жерлерін пайдалану тәсілдерін әзірлеу саласындағы инновациялар" атты бірлескен жоба шеңберінде ғылыми зерттеулерді, ауыл шаруашылығы өндірісін цифрландыру, білім тарату бағытындағы жұмыстарды талқылады.

Сондай- ақ делегация өкілдері ғылыми өндірістік орталықтың тәжірибелік стационарларын аралады.

1 176 -рет қаралды