Фермерлер Бараев орталығының сұрыптарын таңдайды
Жаңалықтар

А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы жүргізіп отырған жұмыстың бір бағыты – еліміздің климатына төзімді, көп өнімділік беретін, бағасы тиімді, сапасы жоғары сорттар жасап шығару.
Ақмола облысының бірқатар фермерлері АШҒӨО ғалымдарының селекциялық жұмыстарының нәтижесінде пайда болған сорттарын кеңінен пайдаланып, мол өнімге кенеліп отыр. Солардың бірі – Аршалы ауданындағы «Ақтасты» ЖШС.
«Біздің шаруашылықта 3,5 мың гектар жерге бидайдың Ақмола-2 және Астана-2 сұрыптарын пайдаланамыз. Себебі олардың сапасы өте жоғары», - дейді аталған шаруашылық агрономы Сергей Годунь.
Бараев орталығының сорттарын қолданып жатқан тағы бір шаруашылық - Шортанды ауданындағы «Новокубанское» ЖШС.

1 746 -рет қаралды