АШҒӨО ExSoil-2026 халықаралық жазғы мектебі ұйымдастырылды


---
2026 жылғы 25–30 шілде аралығында Қазақстанда «Климаттың өзгеруі жағдайындағы топырақ эрозиясы және жердің деградациясы» тақырыбындағы ExSoil–2026 халықаралық жазғы мектебі өтті. Аталған іс-шара Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолиядан келген жас ғалымдарды, оқытушылар мен сала мамандарын біріктірді. Жазғы мектеп Германияның Федералдық зерттеулер, технологиялар және ғарыш министрлігі (BMFTR) қаржыландыратын ExSoil жобасы аясында Лейбниц Ганновер университетінің ұйымдастыруымен, Мартин Лютер атындағы Галле–Виттенберг университетінің қатысуымен өткізілді.

27–28 шілде күндері практикалық сабақтар А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының базасында өтті. Қатысушылар су және жел эрозиясы үдерістерін зерттеуге арналған көпжылдық ғылыми жұмыстармен танысып, табиғи дала мен жер пайдаланудың әртүрлі жүйелері қолданылатын ауыл шаруашылығы танаптарындағы тұрақты далалық тәжірибелерді аралады. Олар No-Till технологиясы мен топырақты дәстүрлі өңдеу жүйелерін салыстырып, олардың ерекшеліктерін зерделеді. Сонымен қатар, топырақтың эрозияға төзімділік көрсеткіштеріне, оларды бағалаудың заманауи әдістеріне және Орталықта қолданылатын инновациялық ғылыми жабдықтарға ерекше назар аударылды.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын жел эрозиясы үдерістерін модельдеуге және әртүрлі топырақ қорғау технологияларының тиімділігін бақыланатын жағдайда бағалауға мүмкіндік беретін бірегей жел каналы тудырды.

Халықаралық ExSoil–2026 жазғы мектебінің ұйымдастырушылары мен қатысушылары А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымына жылы қабылдауы, практикалық сабақтарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, сондай-ақ Қазақстандағы топырақ қорғау егіншілігі мен аграрлық ғылымды дамытуға қосып келе жатқан көпжылдық үлесі үшін шынайы алғыстарын білдіреді.
скачать dle 12.0
7 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх