Бүгін АШҒӨО-да "Дәнді дақылдар селекциясының тұрақты дамуы үшін аграрлық ғылым" атты семинары өтті


Жаңалықтар


Бүгін, 2026 жылғы 31 наурызда "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС базасында "Дәнді дақылдар селекциясының тұрақты дамуы үшін аграрлық ғылым" атты семинары өтті.
Іс-шара BR24892821 "Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өнімділік, сапа және стресске төзімділік әлеуетін арттыру үшін дәнді дақылдардың селекциясы және бастапқы тұқым шаруашылығы" бағдарламасы шеңберінде өтті.

Семинарға "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" РММ патентке қабілеттілікке сараптама бөлімінің басшысы, АШҒӨО қызметкерлері, сондай-ақ бағдарламаны орындаушылар қатысты.
Семинар аясында келесі баяндамалар : дәнді дақылдар селекциясы саласындағы ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелері, Қазақстандағы сорттарды мемлекеттік сынаудың ерекшеліктері,селекциялық жетістіктерді патенттеу мәселелері.
Кездесу барысында селекциялық ғылымды дамытуға қатысты негізгі мәселелер жан-жақты талқыланды, ал ұсынылған баяндамалар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, кәсіби пікірталасқа негіз болды.
Семинар білім алмасу мен аграрлық ғылымды дамыту перспективаларын талқылауға арналған тиімді алаңға айналды.


скачать dle 12.0
56 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх