А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша "Ауыл" партиясының форумы өтті
Жаңалықтар

Бүгін А.И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың базасында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша "Ауыл" партиясының форумы өтті. Іс-шараға партияны, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен ауыл кәсіпкерлері қатысты. Іс-шара басталар алдында қатысушылар Орталықтың селекциялық жетістіктерімен, сондай-ақ ауыл тұрғындары жеке қожалықтарында өндірген ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларының мен тауарларының көрмесімен танысуға мүмкіндік алды.
Форум аясында ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерінің өзектілігін көрсететін мазмұнды және практикалық бағыттағы презентациялар ұсынылды. Онда жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту жөніндегі халықаралық тәжірибе, жемшөп өндірудің заманауи тәсілдері, сүт пен етті қайта өңдеу, мал шаруашылығындағы тұқымдық жаңғырту, үй іргесіндегі бизнесті дамыту және агротуризмнің болашағы жан-жақты қамтылды.
Пленарлық отырысты Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Юрий Долинный ашты. Құттықтау сөзінде ол Орталық ұжымының ауқымды ғылыми-зерттеу жұмысын, аграрлық салаға заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Форумды қорытындылай келе, "Ауыл" партиясы Төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов партияның ауылдық аумақтарды дамытуға жәрдемдесу үшін жеткілікті ресурстық әлеуетке ие екендігіне сенім білдірді. Ол партия ауыл тұрғындарына қолдау көрсетіп, олардың экономикалық мүмкіндіктерін одан әрі дамытатынын атап өтті.
Шара соңында Орталықтың бірқатар қызметкерлері партияның мерейтойлық медалімен марапатталды.
4 261 -рет қаралды




















