К.Абдуллаев ХХІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты
Жаңалықтар
Ғылыми жиында Қ. Абдуллаев "Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге бағытталған ғылыми зерттеулер"тақырыбында баяндама жасады.
Бүгін А. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры К. Абдуллаев Саха Республикасының Якутск қаласында РАШҒА-ның 50 жылдығына және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Якутия ғылыми орталығының 70 жылдығына арналған "Ресей, Моңғолия, Қазақстан, Беларусь, Қытай және Болгария мемлекеттеріндегі аграрлық ғылым" атты ХХІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Халықаралық ғылыми жиында Қ. Абдуллаев "Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге бағытталған ғылыми зерттеулер"тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми-практикалық конференцияның екінші бөлімінде Қ. Абдуллаев Ресей, Қытай, Белоруссия, Австрия ғылыми институттарының ғалымдарымен жүздесіп, ынтымақтастық келешегін талқылады.
Кездесу барысында ол Қазақстан үшін құрғақшылыққа төзімді және ерте пісетін дәнді дақылдар сорттарының маңыздылығын атап өтті. «Конференцияда Саха Республикасы, ЯАШҒЗИ зертхана меңгерушісі Полина Петровна Охлопкованың баяндамасына назар аудардық», деді К.Абдуллаев.
П.Охлопова "Приленская 19" жаздық бидайы сортының авторы, бидайдың өсу кезеңі 68-70 күн, өнімділігі 18-25 ц/га. Негізінде Саха Республикасында бидайға арналған егіс алқабы 70% - ды құрайды.
ҒӨО бас директоры "Бұл сорттарды институмыздың гендік қор зертханасында зерттеу қажет және кейіннен құрғақшылыққа төзімді және ерте пісетін сорттарды жасау үшін гибридтеуге қосу қажет", дей келе "Туймиода", "Талба", ерте пісетін, қысқа сабақты және құрғақшылыққа төзімді сорттар екенін атап өтті.
К. Абдуллаев сондай- ақ ЯАШҒЗИ жем шөп дақылдары селекциясы және тұқым шаруашылығы зертханасының меңгерушісі Алексеева Валентина Ивановнамен кездесті. АШҒӨО-мен ЯАШҒЗИ алдағы уақытта еркекшөп сортын бірлесіп сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
1 204 -рет қаралды