А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығығылымиөндірістік орталығында Қазақстанда тұрақты егіншілікті дамыту мәселелерібойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруаясындағы үйлестіру кеңесі өтті


Жаңалықтар


2026 жылғы 12–13 наурызда «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістікорталығы» ЖШС-де "Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін өзгермелі климат жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін рентабельді өндіру үшін орнықты егіншілік жүйелерін құрастыру және енгізу" бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында үйлестіру кеңесіөтті.
Кеңес жұмысына А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығығылыми қызметкерлері, бағдарламаны бірлесіп орындаушы ғылыми ұйымдардың өкілдері және аграрлық сектордың бизнес-құрылымдарының өкілдері қатысты.
Кеңеске қатысушыларға А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС Басқарма Төрағасы Бауыржан Бакитжанович Калибаев құттықтау сөз сөйледі. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі Ерлан Аманжолович Утельбаев ғылыми-техникалық бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат ұсынды.Пленарлық бөлім аясында аграрлық ғылымның өзекті міндеттері мен ғылыми бағдарламаларды орындау мәселелері де қарастырылды. Үйлестіру кеңесінің отырыстары барысында отырыс модераторы – бағдарламаның ғылыми үйлестірушісі, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы адаптивті және агроландшафттық технологияларзертханасының меңгерушісі Канат Ашкеевич Акшалов 2025 жылға арналған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстырды, сондай-ақ 2026 жылға арналған ғылыми жұмыстардың жоспары және 2027–2029 жылдарға арналған зерттеулердің перспективалық бағыттары талқыланды. Климаттың өзгеруі жағдайында тұрақты егіншілікті дамыту, топырақ құнарлылығын арттыру, ресурс үнемдегіштехнологияларды енгізу, егіншілікті биологияландыру, ауыспалы егіс жүйелерін жетілдіру, қашықтықтан зондтаудың заманауи әдістері мен ГАЖ-технологияларды қолдану, сондай-ақ Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңес барысында бағдарламаны бірлесіп орындаушы ғылыми ұйымдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Олардың қатарында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»ЖШС және басқа да ғылыми мекемелер бар.
Талқылау қорытындысы бойынша үйлестіру кеңесіне қатысушылар ғылыми зерттеулердің орындалу нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми бағыттарды одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірледі.скачать dle 12.0
44 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх