Құрғақшылық жағдайда Ақмола облысының аудандарындағы алынатын астықтың өнімін болжау мониторингі
Жаңалықтар / Жаңалықтар
Дүние жүзінде климаттың тез жылып өзгеру үрдесі байқалуда, оның салдарын елімізде айқын сезінуде. Соңғы 45 жылда ел аумағындағы орташа жылдық ауа температурасының өсуі әр 10 жыл сайын 0,32ºС-ті құрады. Ағымдағы жылы қуаңшылыққа жағдайға байланысты Ақмола облысының қазіргі ахуалын, егіннің мән-жайын байқау және алдағы егін орағында алынатын астықтың өніміне болжау мониторингі жүргізілді.
Осы мақсатта Ақмола облысының оңтүстік аудандарында іс сапармен болдық. Құрамымызда А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы егіншілік бөлімінің міндетін атқарушы, Мұханов Нұрболат Қайырболдыұлы далалық дақылдардың агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зерханасының меңгерушісі, Алдабергенов Абдрахман Сейілханұлы өсімдікті қорғау зертханасының кіші ғылыми қызметкері және Харитонов Данил Сергеевич ауыспалы егіс зертханасының кіші ғылыми қызметкері болды.
Дәнді дақылдар әр түрлі алғы дақылдарға (таза сүрі жер танабы, суданка және аңыздық танаптар) себілген. Алдын ала алынған деректер бойынша танаптағы өсімдік сабағының биіктігі 27 мен 45 см аралығында құрады, әр шаршы метрдегі өсімдік сабағы саны 171-205 дананы құрады, бір масақтағы дәннің саны 6-15 дана болды.
Одан кейінгі шаруашылық Қорғалжын ауданындағы («Жакен-2») ЖШС төрағасы Мантиков Ғалы Тойғұлұлы мен бірге егістік алқаптардың жайын қарап алдағы алынатын өнімге болжам жасалды (сурет-2).
Жаздық бидай дақылы жақсы алғы таза сүрі жер алқабына қолайлы мезгілде себілген (сурет-3). Танаптағы өсімдіктің биіктігі 21 мен 43 см аралығында болып, әр шаршы метрдегі өсімдік сабағы саны 177-255 дананы болды, бір масақтағы дәннің саны 6-15 дана аралығында болды. Болжау мониторингі бойынша алынатын жаздық бидай өнімі 9,3 ц/га құрады.
Келесі маршрут бойынша Егіндікөл ауданына жол жүрдік. «Көркем-АГРО» ЖШС-нің егіс алқаптарында өсірілген дәнді дақылдарды осы шаруашылықтың басшысы Тұяқов Қабиден Өмірзақұлы аралап көрсетті. Егінді жинар алдындағы алынатын өнімге болжау жасалды. Арпа дақылының өткен жылғы алғы дақылы жаздық бидай Ауыспалы егістегі арпа дақылының биіктігі 28 мен 47 см аралығында, әр шаршы метрдегі өсімдік сабағының саны 168-212 дананы құрады, бір масақтағы дәннің саны 14-18 дана болды. Жүргізілген болжау мониторингі бойынша алдын ала алынатын арпаның өнімі 9,6 ц/га құрады.
Ал жаздық бидайдың болжам өнімі 8,1-8,4 ц/га аралығында болады. Айта кететін бір жайт арпа өсімдігі қуаңшылық жылдары, бидайға қарағанда қуаңшылыққа төзімді дақыл және алынатын өнімі біршама жоғары болады.
Келесі соңғы маршрут бойынша Астрахань ауданындағы «Фермер-2002» ЖШС-нің дәнді дақылдардың өсірілуі тікелей себілген егіс алқаптарын осы шаруашылықтың басшысы Пельцер Валерии Александрович аралап көрсетті (сурет-4).
Соңғы жылдары ауылшаруашылығы өндірісінде оның ішінде егіншілік саласында ресурс қор үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Егінді жинар алдындағы егістік алқаптардағы дақылдардан алынатын өнімге болжау жасалды. Арпа дақылының өткен жылғы алғы дақылы жаздық бидай болып табылады. Тікелей себілген жаздық бидай дақылының сабағының биіктігі 28 мен 46 см аралығында, әр шаршы метр көлемдегі өсімдік сабағының саны 166-231 дананы құрады, бір масақтағы дәннің саны 11-14 дана болды. Жүргізілген болжау мониторингі бойынша тікелей себілген жаздық бидайдың алдын ала алынатын өнімі 8,9 ц/га құрады.
Қорыта келгенде, өңірлерде құрғақшылықтың зардабы өсімдік шаруашылығында әсері айқын байқалады. Атмосферадан түсетін жауын-шашын мөлшерінің жетіспеушілігі бар және вегетация кезеңінде топырақтағы ылғал қорының көлемінің аз болуы, жаз айларында орташа ауа температурасының көп жылдық деректерден жоғары ыстық болуы астық өсірумен айналысатын облыстың оңтүстік аудандарында жаппай егін жинауды тамыз айының екінші онкүндігінің ортасында бастайды. Сондықтан басты міндетіміз – егін жинауды науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу қажет.
Мақаланы дайындаған А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы егіншілік бөлімінің міндетін атқарушы
Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы

Іс сапар барысын Аршалы ауданындағы жеке кәсіпкер Сураев Юрий Викторовичтің (ЖК «Сураев Ю.В.») егістік алқаптарынын бастадық. Жеке кәсіпкер екпе пар танабында судан шөбін өсіріп оны мал азығы ретінде қолданады. (сурет-1). Бұл осындай қуаңшылық жылы мал азығы ретінде пайдалы және жер ресурстары тиімді пайдаланылады.Сурет-1 «Сураев Ю.В.» ЖК екпе парға себілген судан шөбі алқабы
Дәнді дақылдар әр түрлі алғы дақылдарға (таза сүрі жер танабы, суданка және аңыздық танаптар) себілген. Алдын ала алынған деректер бойынша танаптағы өсімдік сабағының биіктігі 27 мен 45 см аралығында құрады, әр шаршы метрдегі өсімдік сабағы саны 171-205 дананы құрады, бір масақтағы дәннің саны 6-15 дана болды.
Одан кейінгі шаруашылық Қорғалжын ауданындағы («Жакен-2») ЖШС төрағасы Мантиков Ғалы Тойғұлұлы мен бірге егістік алқаптардың жайын қарап алдағы алынатын өнімге болжам жасалды (сурет-2).
Сурет-2 «Жакен-2» ЖШС шаруашылығы
Сурет-3 Таза сүрі жер танабына себілген жаздық бидай танабы
Жаздық бидай дақылы жақсы алғы таза сүрі жер алқабына қолайлы мезгілде себілген (сурет-3). Танаптағы өсімдіктің биіктігі 21 мен 43 см аралығында болып, әр шаршы метрдегі өсімдік сабағы саны 177-255 дананы болды, бір масақтағы дәннің саны 6-15 дана аралығында болды. Болжау мониторингі бойынша алынатын жаздық бидай өнімі 9,3 ц/га құрады.
Келесі маршрут бойынша Егіндікөл ауданына жол жүрдік. «Көркем-АГРО» ЖШС-нің егіс алқаптарында өсірілген дәнді дақылдарды осы шаруашылықтың басшысы Тұяқов Қабиден Өмірзақұлы аралап көрсетті. Егінді жинар алдындағы алынатын өнімге болжау жасалды. Арпа дақылының өткен жылғы алғы дақылы жаздық бидай Ауыспалы егістегі арпа дақылының биіктігі 28 мен 47 см аралығында, әр шаршы метрдегі өсімдік сабағының саны 168-212 дананы құрады, бір масақтағы дәннің саны 14-18 дана болды. Жүргізілген болжау мониторингі бойынша алдын ала алынатын арпаның өнімі 9,6 ц/га құрады.
Сурет-4 Аңыздыққа себілген арпа танабы
Ал жаздық бидайдың болжам өнімі 8,1-8,4 ц/га аралығында болады. Айта кететін бір жайт арпа өсімдігі қуаңшылық жылдары, бидайға қарағанда қуаңшылыққа төзімді дақыл және алынатын өнімі біршама жоғары болады.
Келесі соңғы маршрут бойынша Астрахань ауданындағы «Фермер-2002» ЖШС-нің дәнді дақылдардың өсірілуі тікелей себілген егіс алқаптарын осы шаруашылықтың басшысы Пельцер Валерии Александрович аралап көрсетті (сурет-4).
Сурет-5 «Фермер-2002.» ЖШС шаруашылығы
Соңғы жылдары ауылшаруашылығы өндірісінде оның ішінде егіншілік саласында ресурс қор үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Егінді жинар алдындағы егістік алқаптардағы дақылдардан алынатын өнімге болжау жасалды. Арпа дақылының өткен жылғы алғы дақылы жаздық бидай болып табылады. Тікелей себілген жаздық бидай дақылының сабағының биіктігі 28 мен 46 см аралығында, әр шаршы метр көлемдегі өсімдік сабағының саны 166-231 дананы құрады, бір масақтағы дәннің саны 11-14 дана болды. Жүргізілген болжау мониторингі бойынша тікелей себілген жаздық бидайдың алдын ала алынатын өнімі 8,9 ц/га құрады.
Сурет-6 Ауыспалы егісте тікелей себілген жаздық бидай танабы
Қорыта келгенде, өңірлерде құрғақшылықтың зардабы өсімдік шаруашылығында әсері айқын байқалады. Атмосферадан түсетін жауын-шашын мөлшерінің жетіспеушілігі бар және вегетация кезеңінде топырақтағы ылғал қорының көлемінің аз болуы, жаз айларында орташа ауа температурасының көп жылдық деректерден жоғары ыстық болуы астық өсірумен айналысатын облыстың оңтүстік аудандарында жаппай егін жинауды тамыз айының екінші онкүндігінің ортасында бастайды. Сондықтан басты міндетіміз – егін жинауды науқанын уақтылы әрі сапалы өткізу қажет.
Мақаланы дайындаған А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы егіншілік бөлімінің міндетін атқарушы
Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы
467 -рет қаралды