8 наурыз мерекесіне арналған боулинг


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚАТУ кәсіподақ ұйымына мүше – әйелдер арасында боулинг турнирі өтеді.

6 наурызда астаналық боулинг орталықтарының бірінде еңжолы болғыштар жиналады. Ойынға 18 команда қатысады деп жоспарлануда. Бұл ойынға қатысу үшін ҚАТУ-дың кәсіподақ ұйымдары қатарындағы А.Бараев атындағы АШҒӨО, СК АШТС, Ә.Бөкейхан атындағы КазНИИЛХА, Қарабалық АШТС (Қостанай облысы), Павлодар АШТС, «Қазақ тұлпары» ЖШС командалар қатысады. Әр команда 3 адамнан құралған. Барлық ойыншыларға ҚАТУ жергілікті кәсіподақ ұйымының логотипі бар турнирге арнайы тігілген фирмалық жейделер беріледі. Бұл киім үлгілері қатысушылар үшін естелік болары сөзсіз.

- Турнирдің қатысушыларын теміржол вокзалында қарсы аламыз, қонақүйге орналастырамыз. Ойыннан кейін олар қаланы аралап, демалуға мүмкіндік алады. Ал ұтысқа қол жеткізген командаларға арнайы сертификаттар табыс етіледі. Және олар сол сетрификаттармен өздеріне қажетті заттарды таңдап сатып алуға құқылы, – дейді Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожин.

Айта кетейік, жеңімпаздарға жүлде ретінде Француз үйінің сертификаттарын беру туралы шешім қабылданған. 1 орын алған жеңімпаз команданың әрбір мүшесіне 50 мың теңгенің сертификаты, 2 орынға 40 мың теңге және 3 орынға 30 мың теңгенің сертификаты беріледі. Сонымен қатар, 8 наурыз мейрамы қарсаңында турнирдің өзге де барлық қатысушылары да сыйлықтармен марапатталатын болады.

Өкінішке орай, боулинг орталығына барлық жанкүйерлер сыймайтын болып отыр. Сондықтан турнирдің қалай өткендігі туралы арнайы фильмді тамашалауға болады. Фильм сәл кейінірек KATU YouTube арнасында жарияланатын болады.

Қатысушыларға жеңіс тілейміз!

скачать dle 12.0
501 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх