Спорттық балық аулау турнирінің жеңімпаздары анықталды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


ҚАТУ жергілікті кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған спорттық балық аулау турнирі өткен демалыс күндері Жалтыркөл көлінде ұйымдастырылды. Турнирдің бас жүлдесі ең көп балық аулаған әскери кафедраның балықшыларына бұйырды.



...Шыңылтыр аяз қысқан қыстың шуақты күнінде көтеріңкі көңіл-күйге толы турнир қатысушыларды күні бойы өзінің кереметіне бөледі деп айтуға болады. Қатысушылардың саны биыл 51 адамға жетті, олардың өздерінен бөлек жанкүйерлер де көп болды. Айта кету керек, турнир өтетін орынға ас үй мен би алаңын жасалып сайыс мерекелік атмосферада өтті десек те болады.Әрине ең басты назар, балықшыларға аударылды. Әр командда үш адамнан барлығы 17 команда қатысты. Барлық қажетті құрал-жабдықтар - бұрғы, жылы киім мен қармақ жарақтармен сайланған қатысушылар сайысқа сақадай сай жналды. Турнир әскери кафедраның аға оқытушысы, запастағы подполковник Мұратбек Тұрмұхамбетовтың нұсқауымен жүргізілді. Алдымен командалар бір қатарға үш адамдық сапқа тұрғызылды.Жарыстың бас төрешісі – аңшылық ғылымы және балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуаныш Сыздықов. Ол сайысшыларға қатысу ережесін түсіндіріп, қатысушыларға жеңіс тіледі, содан кейін әр командаға өз секторы бөлініп, жарыс басталды. Ең алдымен мұз ойықтар жасалып балықшылар қызу жұмысқа кірісті....Айта кетейін, балық аулау – қолында қармақ ұстағандарға ғана бағынатын қасиетті рәсім. Қалың мұз су астындағы патшалықты жасырып тұрғанына қарамастан, жанкүйерлер балықшыларды мұқият айналып өтуге тырысты.
- Суық емеспе?
Жоқ, мен тіпті суықты да байқамаймын. Басты нәтиже, - деп жымиды Гүлжан Әубәкірова орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және қоршаған орта факультетінің оқытушысы. Гүлжан тәжірибелі балықшы, бұл спорттың қыр-сырын ерлермен қатар түсінеді, сондықтан өз факультетінің мерейін көтеру үшін сайысқа өз еркімен қатысып отыр.
Барлық 51 қатысушының 3-еуі ғана әйел жандар. Бірақ олар ерлермен тең дәрежеде болып өздерін ерекше ұстады.
2 сағатқа созылған балық аулаудан кейін турнирдің қорытындысы шығарылды. Ең жақсы нәтижені әскери кафедра командасының мүшелері (Б.Қасымқанов, М.Айтқұлов, Р.Көкішев) көрсетті. Қарабалық АШТС балықшылары (Р.Ысқақов, В.Висляев, О.Балтыбаев) да ерекше нәтиже көрсетіп екінші орынға жайғасты. Ал үздік үштікті «Қазақ тұлпары» ЖШС командасы (С.Карманов, Ғ.Чумаков, А.Чумаков) қанжығаға байлады.
Ұйымдастырушылардың шешімімен «Ең жылдам шұңқыр қазғаны үшін», «Ең кішкентай балық үшін», «Балықты бірінші ұстағаны үшін» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.
Барлық жеңімпаздар балықшыға қажетті сыйлықтарға ие болды.
Жарыс ерекше дәмді кешкі аспен аяқталды, әрине, ас мәзіріне хош иісті балық сорпасы енгізілді.
– Турнирдің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде, – деп өз әсерімен бөлісті Қарабалық АШТС командасының атынан қатысқан жеңімпаздардың бірі Руслан Ысқақов. Барлығы ойластырылған, ұйымдастырылған, ешқандай кедергілер мен қиындық болған жоқ,-дейді ол. Руслан 12 жылдық тәжірибесі бар балықшы, оның әріптестерінің тәжірибесі одан да жоғары. Барлығы 6 балық аулады, оның ішінде 1 шабақ және 5 алабұға. Ол кез келген жағдайда нәтиже көрсету үшін бәсеке болу керектігін айтып отыр.
– Кәсіподақтың ұйымдастырған басқа да шараларына қуана қатысамыз, – дейді Руслан.
Оның бұл пікірімен, әрине, жарыста жеңіске жетпесе де, таза ауада көптеген жағымды эмоцияларға ие болған барлық басқа қатысушылар келіседі деп білеміз. Демелысты таза ауада ерекше етіп өткізуді кез келген жан жақсы көретіні сөзсіз.
Турнир жеңімпаздарын құттықтаймыз!скачать dle 12.0
572 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх