Ғылым мен тәжірибе – егін себу жұмыстарының нақты кепілі


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ мен оның еншілес ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, РМК «Қазгидромет», Қазақстанның солтүстік облыстарының жергілікті атқарушы органдары өкілдері мен өзге де ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылған семинар-тренинг ерекше жағдайда өтті. Шара барысында 2022 жылдың көктеміндегі дала жұмыстар туралы түрлі мәселелер талқыланды.

Айта кету керек, ZOOM флатформасы жүйесі арқылы да семинарға 220-дан астам қатысушы белсенділік танытты. Бұдан бөлек шараға қатысуғатілек білдіргендердің тағы бір бөлігі университеттің Instagram және Facebook желісіндегі парақшаларында да тікелей эфир арқылы семинардың барысын тамашалауға мүмкіндік алды.

Семинардың қорытындысы туралы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дыңАктивтерді басқару департаментінің директоры Берік Нығмашевтан арнайы сұрап білген едік.

– Берік Болатұлы, семинарды өткізудегі негізгі мақсат не болып отыр?

– Семинардың негізгі мақсаты, ҚАТУ және оның еншілес ұйымдарының тәжірибесіне сүйене отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне практикалық ұсыныстар беру болды. Сонымен қатар, біздің серіктестеріміз Қарағанды және Қостанай облыстарының экономикалық нысандары: атап айтқанда, «Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, А.Христенко атындағы «Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы» және «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС мен «Астана-Нан» ЖШС-тері өзере тәжірибелерімен бөлісті.

Енді ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің алда тұрған басты үлкен науқандары ол – егін егу. Осылайша мықты тәжірибенің біріккен жобадағы жолын салу. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы құрғақшылық болды, көптеген шаруалар ауа райының мұндай тосын жағдайына дайын болмады. Міне, биыл біз бұл мәселемен алдын ала «Қазгидрометпен» бірлесіп, дұрыс ұсыныстар беру үшін жұмыс істеуді жөн деп көрдік. Олардың берген ақпараттарына сүйене отырып, тосын жағдайларға қалай дайындалу керек? Қандай агротехникалық шараларды жүргізу керек?,-деген сынды сұрақтарға жауап алдық. Бұл ретте бұрынғы ғылыми тәжірибелер де ескеріліп шаруаларға практикалық ұсыныстар да берілді.

Мұның барлығын ескере отырып алдын ала баяндамашылардың да ұсыныстарын пысықтап шықтық.

- Айтыңызшы, ҚАТУ-дың еншілес ұйымдарының практикалық тәжірибесі қаншалықты сұранысқа ие болуы мүмкін?

– Жоғарыда атап өткенімдей, баяндамашыларды дайындаған кезде біз олардың сөйлеген сөздерінің қатысушылар үшін тиімді болуын қамтамасыз етуге тырыстық. Осылайша шаруалар өздеріне қажетті кеңестер мен тәжірибені таба алатынына сенімдіміз. Қатысушылар географиясы негізінен Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстары болып отыр. Тиісінше, біздің екі еншілес кәсіпорынның – А.И.Бараев атындағы АШҒӨО мен Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының әзірлемелері климаттық жағынан да, аймақтық жағынан да оларға жақын әрі тиімді. Біз қазірдің өзінде қатысушылар тарапынан ризашылық жауаптар алып жатырмыз.

«Топырақтану және агрохимия» кафедрасының меңгерушісі Жанна Алманованың «Топырақты агрохимиялық талдау және минералды тыңайтқыштарды қолдану» тақырыбындағы баяндамасы әрбір шаруа үшін өте пайдалы болады деп сеніммен айта аламын. Шынында да, практикалық дағдылары бар адамдарда ғылыми негіздеме жетіспей жатады. Біздің міндетіміз дәл осы тандемді алға жылжыту болып отыр.

– Семинар соңында қатысушылар сұрақтар қойып жатты. Сонда оларды тағы да не қызықтыруы мүмкін?

-Қатысушылар өз жұмыстары барысында ұшырасатын сұрақтарын қойды. Атап айтсақ; өсімдіктерді қорғау, аурулар, зиянкестер, арамшөптермен күрес т.б.

Тағы бір айта кетерлігі «Астана-Нан» ЖШС бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бекмырза Садықов қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі әрі ерекше түсінікті етіп жауап берді. Бұл да шаруалар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкіліне шаруаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрақ қойылды.

Осылайша қорта келгенде, мұндай семинарлар әрқашанда қажет әрі сұранысқа ие деген қорытындыға келдік. Семинарларды өткізу форматтары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: практикалық, далалық, онлайн т.б. бірақ қашан да керек екені рас. ҚАТУ агроөнеркәсіптік кешен жобаларының тиімділігін арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды жалғастыруға дайын.

Ұйымдастырушылардың атынан барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары мен уақыттарын бөлгендері үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ баяндамашыларға және осы семинарды ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына ерекше алғысымды білдіремін.

скачать dle 12.0
361 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх