2022 жылғы дала маусымына кадрлық даярлық


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Жаңа егіс маусымына ауылшаруашылық техникаларын ғана емес А.И Бараев атындағы -ның мамандары да қызу дайындық үстінде. Мәселен, «Өндірісіндегі көктемгі егіс жұмыстары, дәл егіншілік жүйесі» тақырыбында өткен семинар барысында 37 – инженерлік-техникалық мамандар, механизаторлар дәл егіншілік жүйесінің жаңа заманауи технологияларының ерекшеліктері барысын меңгертуге бағытталған арнайы курстан өтті.

Семинарда «А.И.Бараева атындағы АШҒӨО» ЖШС басқарма төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы іс-шараға қатысушыларды өндіріске инновациялық технологияларды енгізудің өзектілігі, егін шаруашылығының дәл элементтерін пайдалану мен өсімдік шаруашылығының тиімділігі арасындағы байланыс туралы хабардар ете отырып, жоғары сапалы тұқымның жоғары өнімділігі жұмыстың сапалы жүргізілуіне байланысты болатынын атап өтті. Әрбір механизатор тікелей ғалымдармен қарым-қатынаста болуы керектігі басты міндет екендігі ескертілді.


2022 жылдың көктемгі егіс алқабындағы көктемгі дала жұмыстарының жоспарымен бас ғалым аграном Хурметбек Октябрь таныстырса, тұқым шаруашылығы бойынша «Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы» бөлімінің басшысы Тасболатов Жанат Айтбайұлы баяндама жасады. Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің көктемгі дала жұмыстарына дайындығы туралы бас инженер Құлынтай Арман Жәкенұлы баяндады.

Дәл егіншілік зертханасының меңгерушісі Скобликов Владимир Федорович «Дәл егіншіліктің ғылыми-техникалық негіздері. Көктемгі дала жұмыстары жүйесіндегі дәл егіншіліктің элементтері» тағырыбында баяндама жасады. Семинар барысында дәл егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері Лисенович Александр Иванович қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынды:

- Дәл егіншілік мақсатында егістіктерді картаға түсіру, (егістік контуры, агрохимиялық жағдайы)

- Ауыл шаруашылығы машиналарында навигациялық аспаптарды қолдану

-Параллельді және автоматтандырылған жүргізу жүйелерінің қолданылуы және оның экономикалық тиімділігі.

Дәл егіншілік жүйесінде өсімдіктерді қорғау құралдарын саралап қолдану бойынша ұсыныстарды өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Ерлан Аманжолұлы Өтелбаев баяндаса, Дәнді, бұршақ және майлы дақылдарға минералды тыңайтқыштарды қолдану жүйесі туралы агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының аға ғылыми қызметкері Яков Павлович Наздрачев егжей-тегжейлі баяндап берді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар егіс науқанын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін арнайы білімдерін практикалық дағдыларды дамыту үшін тәжірибелік сабақтарда жалғастыруға қызығушылық танытып отырғандарын жеткізді.

скачать dle 12.0
339 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх