Назар аударыңыз жәрмеңке!


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

2022 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік пен өзара түсіністік – береке негізі» мерекелік іс-шарасы аясында біздің орталық Шортанды ауданында тұратын қазақстандық ұлты неміс азаматтармен бірге Дамса ауылдық округінде өтетін Достық фестиваліне қатысады. Дайындық барысында орталықтың ежелден достық байланысы бар «Видергебург» неміс мәдени орталығының мүшелері үлкен көмек көрсетуде.

Негізгі сахна Шортанды ауданы әкімдігінің алдындағы орталық алаңда құрылған. Онда мерекелік концерт, көрме – салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті дәріптейтін түрлі этностардың ұлттық тағамдарын ұсыну және облыс спортшылары арасында спорттық ойындар өткізу жоспарланған.

дәл осы күні С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Жергілікті кәсіподақ ұйымы А.И.Бараев атындағы АШҒӨО жұмысшылары үшін дәстүрлі азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырып, алма мен табиғи алма шырынын төмен бағада сатады. Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Айтхожиннің айтуынша, алманың 1 келісі 450 теңгеге бағаланған. Салмағы 14 келі болатын 1 қораптың құны 6300 теңге болады. Dala Fruit компаниясының жұмсақ қаптамасындағы 100% табиғи алма шырынын ұнататын жәрмеңкеге келушілер 3 литрін 1900 теңгеден сатып ала алады. Бағаның жаппай өсуіне қарамастан, Жергілікті кәсіподақ әлі де болса өнімдерді нарық бағасынан төмен қоюға мүмкіндік жасап отыр.

скачать dle 12.0
332 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх