Кәсіподақ жетекшілеріне арналған оқыту семинары өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

2022 жылдың 4-6 мамыры аралығында ҚАТУ Жергілікті кәсіподақ ұйымы кәсіподақ белсенділері үшін оқыту семинарын өткізді.

Үш күн бойы кәсіподақ жетекшілері еңбек қатынастары саласындағы білім көкжиегіне көз жіберді. Ең бастысы қоршаған орта тиімді оқуға жоғары деңгейде ықпал етті. Себебі оқу Бурабай курорттық аймағындағы Щучье санаторийінде ұйымдастырылды.

Теориялық білімдерін шыңдап, тәжірибелік сабақтарды өткізуге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері жұмылдырылды.


«Еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу. Келісім комиссиясының жұмысын ұйымдастыру»; «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі»; «Кәсіподақ қозғалысының ұтымдылығы» – осы және басқа да тақырыптар жан-жақты талқыланды.

Семинар-тренингке әр бастауыш ұйымнан барлығы 19 адам қатысты. Әр қатысушы кәсіподақ жетекшісі болумен бірге әріптестерінің еңбек мүддесін қорғауға көмектесетін мол білімді қанжығаларына байлап кетті деуге болады.

Бұл күндердің қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық – бағдарлама өте мазмұнды әрі қызықты болды. Тренингтер, ойындар және семинарлар – бәрі де көңілге өте қонымды болды. Ең бастысы, еңбек заңнамасы бойынша нұсқаулықтар ендігі жерде бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысындағы негізгі басымдық болмақ, – дейдіӘБП бастауыш ұйымының төрайымы Динара Нәбиева.

Айта кетерлік жайт, шипажайға бару, жатын орын мен тамақтанудың барлығы толығымен Жергілікті кәсіподақ ұйымының қаражатынан төленді.

скачать dle 12.0
638 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх