Омбы селекционерлерімен ынтымақтастық орнатылмақ


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Омбы аграрлық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Максим Сергеевич Чекусов А.И.Бараев атындағы АШҒӨО жұмыс сапарымен болды. Чекусов М.С. болған кездесу барысындаорталық ғалымдарымен қазіргі заманғы селекция мәселелер, аграрлық ғылымның міндеттері, оларды шешу әдістері және өндірісте сұранысқа ие түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы кеңінен пікір алмасу болды. Ресейлік әріптеске алдымен ғылыми орталықтың инфрақұрылымы таныстырылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын биохимия және технологиялық бағалау зертханасының меңгерушісі Дашкевич Светлана Михайловна Солтүстік Қазақстан жағдайында астық сапасын бағалау саласындағы ғылыми зерттеулер туралы баяндады. Топырақ сапасы және өсімдік шаруашылығын талдау бөлімінің басшысы Құнанбаев Қайрат Қайырбекұлы заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған топырақ және агрохимиялық зерттеулерге арналған зертханаларды көрсетті. Максим Сергеевич сонымен қатар Жобаларды басқару орталығында (ЖОБ) болып, көктемгі дала жұмыстарын онлайн режимінде басқаруды тамашалады.


Кездесу барысында «Астық шаруашылығы орталығының» басшысы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы қазақстандық селекционерлер солтүстікте қазақстандық диқандар өсіретін дәнді дақылдардың жаңа перспективалы сорттарын жасауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген ресейлік әріптестерімен ынтымақтастыққа мүдделі екенін атап өтті.

Танымал қос ғылыми орталықтың селекция, тұқым шаруашылығын дамыту және жаңа перспективалы сорттарды өндіріске енгізу, практикалық тәжірибемен және ақпараттық-техникалық материалдармен алмасу, ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту саласындағы жемісті ынтымақтастыққа өзара мүдделі екендіктерін атап өтті. Сонымен бірге ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру, қызмет аясын кеңейту, оның ішінде бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дала күндерін өткізу мақсатты жұмыстар екендігін ортаға салды.

Аграрлық ғылымды дамытудағы проблемалар мен оларды шешу жолдарының ортақтығы өндіріске инновацияны ілгерілетудегі жемісті ынтымақтастықтың негізі болып табылады.

скачать dle 12.0
324 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх