Жас ұрпақ арасында аграрлық ғылымды дәріптеу


Жаңалықтар






А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары "Туған елге тағзым" өлкетану зерттеу экспедициясы аясында орталыққа келген Нұр-Cұлтан қаласының "Физика–математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі"филиалының 9 және 12 сынып оқушыларына арналған таныстыру семинарын өткізді. Экспедицияға қатысушылар саны 40 адам әртүрлі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді: тарих, экология, флора, фауна, индустрия, ауыл шаруашылығы, этнография және аймақтың мәдениеті, сондықтан оқушылар ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялармен танысу үшін орталық ғалымдарымен кездесті.
Экскурсия қоғамдық мұражайға барудан басталды, онда ғылыми маман Проскура Ольга Павловна оқушыларды ағымдағы жылы құрылғанына 65 жыл толуын атап өтетін астық шаруашылығы орталығының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерімен таныстырды .
Оқушылар талдау орталығында болды. Биохимия және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасында жетекші Утебаев Марал Уралович селекциялық процесс, халықтың дұрыс тамақтануы үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын анықтаудың маңыздылығы туралы айтып, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері мен жабдықтарын ұсынды. Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасында бөлім басшысы Кунанбаев Кайрат Кайырбекович жас зерттеушілерді топырақ сапасын бағалау әдістерімен, топырақ сынамаларының макро - және микроэлементтердің құрамына арналған талдауларының көлемімен және әртүрлілігімен таныстырды. Қазақстанның топырақ картасын көрсету кезінде қатысушылар Қазақстанның табиғи аймақтарының топырақ әртүрлілігіне таң қалды.
Оқу орталығында сабақты Владимир Федорович Скобликовтың басшылығымен нақты егіншілік зертханасының қызметкерлері өткізді. Өсімдік шаруашылығында цифрлық технологияларды енгізу, компьютерлермен және сенсорлық датчиктермен жабдықталған заманауи ауыл шаруашылығы техникасының деңгейі, ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың цифрлық платформалары, ЖҚЗ және пилотсыз аппараттарды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің қашықтықтан мониторингі жас ұрпақтың ерекше қызығушылығын тудырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша НЗМ оқушылары өз әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ, ғылым көп қырлы және қызықты болғандықтан ,оларды таң қалдырғанын атап өтті. Орталық қызметкерлері қызықты және танымдық экскурсия, ғалымдармен диалог жас зияткерлердің аграрлық ғылымға деген шынайы қызығушылығын дамытуға ықпал етеді деп үміттенеді.
скачать dle 12.0
517 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх