ҚАТУ табысы 1,5 миллиард теңгеден асты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2021 жылы таза табысы 1,5 млрд теңгеден асты. Бұл жалақы қорын ұлғайтуға, сондай-ақ оқу орынын дамыту мақсатындағы маңызды бірнеше жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, А. Бараев атындағы АШҒӨО базасында ҚАТУ мамандары бал конвейерін жасап, стационарлық омарта шаруашылығының технологиясын әзірлеуге кірісті: Мұнда белгіленген жоспар бойынша шөптер мен дақылдардың үнемі гүлденуіне байланысты омарталарды көшіріп отырудың қажеті жоқ.

Жоба аясында 620 га жерге түрлі бал өсімдіктері (расп, тәтті беде, қыша, қарақұмық, т.б.) егіліп, бал арасының 30 дана ұяшығы сатып алынды. Жоспар бойынша жарты тоннаға жуық бал жиналды деп күтілуде.

2022 жылға арналған жоспарлар бойынша – конвейер алаңын 1500 гектарға дейін жеткізу көзделсе ұялар санын 100-ге жеткізу мақсат етіп қойылуда. Мұндай жағдайда өндірілетін бал көлемі екі тоннаға дейін өседі. Сонымен қатар, студенттер мұнда ара ауруларымен күресу әдістерін және ҚАТУ-де жасалған түрлі жемдік қоспалардың тиімділігін сынап мол тәжірибеден өтеді.

Солтүстік Қазақстан АШТС №1 бөлімшесінің техникасын жаңарту маңызды жоба болды.

2021 жылы барлығы 952 млн теңгеге 55 түрлі ауыл шаруашылығы машиналары сатып алынды. Бұл тракторлар, комбайндар, дестелегіштер, шөп шапқыштар, бүріккіштер және т.б.Бір айта кетерлігі, бұл техникаларды алу үшін бюджет қаражатын жұмсамай – тек станцияның жеке пайдасы есебінен сатып алынуда. Биылғы жылы келесі бөлімшенің машина тракторлық паркін жаңарту, сондай-ақ айналма типті жаңбырлатқыш қондырғы есебінен суармалы алаңдарды енгізу жоспарлануда.

ҚАТУ – дың басқа жобаларының қатарында қойларды қолдан ұрықтандыратын асыл тұқымды орталық құру, ветеринарлық клиниканы дамыту, сондай-ақ, А. Бараев атындағы АШҒӨО-да оқу мен практикадан өту мақсатында келген тұлғаларға жағдай жасау үшін жатақхана мен қонақүйді жөндеу жоспарда бар. Мұндай жағдай Солтүстік Қазақстан АШТС-да жасалмақ.скачать dle 12.0
451 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх