Беларусь ғалымдары ҚАТУ-ға тәжірибе алу мақсатында келді


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

ҚАТУ Басқарма Төрағасы Қайрат Айтуғанов пен П.М.Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Мирослава Бобрик университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.


Беларусь Мемлекеттік Техникалық университетінің ректоры А.Баханович университеттер географиялық тұрғыдан бір-бірінен алшақ орналасқанымен, олардың мақсаты бірдей және негізгі міндеттер де ортақ. Екі елдің білім ордалары да өз аймақтарының дамуының драйверіне айналып отырғанын атап айтты.

– Мұндай кездесулер тараптар арасындағы байланысты одан әрі кеңейтуге, бірлескен ғылыми жобалар мен зерттеулерді жүзеге асыруға, сондай-ақ жас мамандарды даярлауға үлкен жағдайда серпін береді. Мұның барлығы Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тиімді болары сөзсіз, -деді А.Баханович.

ҚАТУ Басқарма Төрағасының орынбасарлары мен ғалымдары қонақтарға С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың Техникалық факультетіне арнайы экскурсия жүргізді. Беларусь жағы мұндағы робототехника, металл өңдеу және азық-түлік қауіпсіздігі зертханаларын жоғары бағалады. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ цехтарында шығарылатын өнімдері, атап айтқанда бауырсақ қонақтарды ерекше тәнті етті.


- Маған дәмі ұнайды, ол пончикке ұқсайды, бірақ жоғары калориялы. Рецептін білу қызық болып тұр, – деп тамсанды Минск Лингвистикалық университетінің Қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының директоры Л.Трибубова.

Беларусь ғалымдары С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ жұмыс стилін жоғары бағалады. Кездесу барысында ҚАТУ ғалымдары өз жұмыстарын таныстырып, қонақтар жағымен тәжірибе бөлісті.


Тараптар арасындағы кездесуді қорытындылай келе, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма Төрағасы Қ.Айтуғанов ғылым және білім саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың алдағы бағыттарының дамитынына сенім білдірді. Бағдарламаларға университеттердің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады. Ғылыми ынтымақтастықты кеңейту аясында олар тағылымдамадан өтуге және тәжірибеден өтуге, өзара қызығушылық тудыратын бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге мүмкіндік алады.

скачать dle 12.0
461 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх