С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ университеттер арасындағы ең беделді халықаралық QS WUR рейтингіне енді


Жаңалықтар


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  әлемдегі университеттердің ең беделді рейтингтерінің бірі болып табылатын Quacquarelli Symonds World University Rankings халықаралық академиялық рейтингіне енген  14 қазақстандық университеттің қатарынан көрінді.  Сонымен қатар, биыл кейбір университеттер бірнеше позицияға жоғарылап, өз позицияларын нығайтып отыр, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«Рейтингтің бүкіл тарихында осы жолы ең көп қазақстандық ЖОО кіріп отыр. Барлығы 14 білім ошағының жетеуі өткен жылы өз позицияларын жоғарлатқан. Бұл қазақстандық жоғары білім саласының халықаралық деңгейде беделінің өскендігінің айғағы», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Адлет Тойбаев.
Жоғары оқу орындарының позицияларын есептеу кезінде рейтингте академиялық топтар мен жұмыс беруші ұйым өкілдерінен жиналған сауалнамалардың нәтижелері, сондай-ақ 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңдегі 14,7 миллион жарияланым ескерілгенін атап өткен жөн. Әлемдік рейтингтерде ілгерілеу – қазақстандық білім беру сапасының одан әрі жақсара түсуінің және университеттердің жоғары мәртебесінің айқын дәлелі.

Дереккөз: https://kazatu.edu.kz/kk/news/S-Seyfullin-atindagi-KATU-universitetter-arasindagi-en-bedelde-halikaralik-QS-WUR-reytingene-ende-9672.htmlскачать dle 12.0
429 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх