М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының студенттері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да болды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында" М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының "Экология және табиғатты пайдалану" білім беру бағдарламасының екінші курс студенттеріне оқу практикасы шеңберінде таныстыру демонстрациялық семинары өтті.

Іс–шараға М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттер мен оқытушы тәжірибе жетекшілері қатысты. Тарихи мұражай бойынша экскурсияда студенттер орталықтағы аграрлық ғылымды дамыту ретроспективасымен таныстырылды. Практиканттарға егіншілік және ауылшаруашылығы дақылдары селекциясы саласындағы орталық ғалымдарының ғылыми-практикалық зерттеулерінің нәтижелері мен жетістіктері туралы айтылды. Студенттер Солтүстік Қазақстандағы ресурс үнемдейтін егіншіліктің ерекшеліктеріне және климаттың өзгеруі жағдайында құрғақшылыққа төзімді инновациялық сорттардың рөліне қызығушылық танытты.Топырақ сапасы және өсімдік шаруашылығы талдау бөлімінде зертхана меңгерушісі Н.Б.Зуева студенттерді заманауи жабдықтармен және топырақ-агрохимиялық зерттеу әдістерімен таныстырды.Орталықтың тәжірибелік алқаптарындағы тәжірибе көпжылдық шөптердің селекциясы бөлімінің демонстрациялық учаскесінде өтті. Бөлім меңгерушісі Филиппова Надежда Ивановна көпжылдық шөптер селекциясы саласындағы ғылымизерттеулер туралы айтып. Көпжылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптердің жаңа сорттарының егістерін көрсетті.Тәжірибелік стационарда агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының аға ғылыми қызметкері Наздрачев Яков Павлович астық дақылдарының егістіктерін, егіншілікті ресурс үнемдеу бойынша ғылыми тәжірибелерді, минералды тыңайтқыштарды енгізудің астық дақылдарының өнімділігі мен сапасына әсерін көрсетті. Студенттер танапта тәжірибелік танысу барысында өздері топырақ кескінін жасап, ғылыми зерттеулерін жүргізді.

Жастарды ғылыми зерттеулер тәжірибесіне баулу Қазақстанның АӨК әлеуетін дамыту үшін аграрлық ғылымға жоғары білікті мамандардың келуіне үміт артуғам үмкіндік береді.


Білім тарату орталығы

скачать dle 12.0
324 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх