АШҒӨО және неміс ғалымдары тәжірибе алмасты


Жаңалықтар
Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында неміс ғалымдарымен кездесу өтті.
Кездесу Герман-Қазақстан аграрлық-саяси диалог шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Дөңгелек үстелге Орталықтың жетекші ғалымдары, бөлім жетекшілері және зертхана меңгерушілері қатысты. Делегация құрамындағы Аграрлық саяси диалогтың жетекшісі Йорг Динкелакер, Лейбниц атындағы Орталық және Шығыс Еуропадағы аграрлық даму институтының ғалымы Даниэль Мюллер және Юстус Либих атындағы Гиссен университетінің өкілі Мартин Петрик А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдарымен болашақтағы ғылыми ынтымақтастық жайын талқылады. Немістің аграрлық сала ғалымдары Орталық ғалымдарымен Солтүстік Қазақстан жағдайында жүргізіп жатқан тәжірибелері, ғылыми нәтижелері жайлы әңгімелесіп, өздерінің тәжірибелік жұмыстары жайлы айтып берді.
скачать dle 12.0
967 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх