АҚШ АШМ делегациясы ҚР-да А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында болды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кристофер Билеки-Аттеше мырза бастаған делегациясы келді. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы бойынша маман – Жамал Жармагамбетова, астық сарапшылары Кейти Макгафи және Илиана Младенова болды. Басқарма Төрағасы Нұрлан Серекпаевпен кездесу барысында қонақтар орталықтың егіншілік және селекция саласындағы ғылыми-практикалық жетістіктерімен танысты, содан кейін тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Делегация орталықтың тарихи мұражайына барды. Орталықтың тәжірибелі стационарларында егіншілік саласындағы жетекші ғалым Акшалов Канат қонақтарға Қазақстандағы дәнді дақылдар өндірісі, орталықтың практикада іске асырылып жатқан ресурс үнемдейтін технологиялары туралы айтып берді. Асбұршақ егістігіндегі экологиялық егіншілік, жеміс-жидек ауыспалы егісті зерттеу және жел мен су эрозиясынан қорғау шаралары бойынша ғылыми тәжірибелерді көрсетті.

скачать dle 12.0
268 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх