ЖОО мен Орталықтың байланысы
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 65 жылдығы аясында "Аудит және салық салу" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 4 курс студенттеріне Ақмола облысы Шортанды ауданы Научный кентінде орналасқан "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС базасында көшпелі практикалық семинар ұйымдастырылды.
Орталық "С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ еншілес мекемелерінің бірі болып табылып, осымен екінші жыл қатарынан студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтулерінің ғылыми-тәжірибелік алаңына айналғанына және осы тығыз ынтымақтастық жыл сайын "білім–ғылым-өндіріс (егістік)" әлемдік тәжірибе аясында кеңейіп келеді. Осы жолы да орталық қызметкерлері аграрлық саланың болашақ қызметкерлерін кәсіпорынның қызметімен таныстырды, осы бірегей ғылыми мекеменің тарихын куәландыратын 300-ден астам тарихи артефактілер орналасқан қоғамдық мұражайда танымдық экскурсия ұйымдастырды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар талдау зертханалары мен өндірістік нысандарда болып үлгерді.
Содан кейін іс-шараны ұйымдастырушылар студенттер үшін Есеп және қаржы кафедрасының оқытушысы А.Б. Кулекешов және "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары Леу Л.В. ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында есеп жүргізу әдістемесі, өндірістік процестің ерекшеліктері бойынша тақырыптық шолу ұсынды. ЖОО мен ғылыми-өндірістік кәсіпорынның практикалық өзара іс-қимылының бұл форматы студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және болашақта алдағы қызметті кәсіби тұрғыдан түсіну үшін оң нәтиже беретіні сөзсіз.