Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ұжымымен кездесті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Бұл күндері бүкіл ел бойынша ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды штабтарының сенім білдірілген адамдары еңбек ұжымдарына барады, кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларының негізгі тармақтарын түсіндіре отырып, өңірлердің тұрғындарымен кездеседі. Мәселен, жақында А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары,Саяси партиялар мен қоғамдық көшбасшылар өкілдерінен құралған республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жөніндегі қызметкерлермен кездесуі өтті. Қоғамдық маңызы бар іс-шараны аша отырып, "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ Басқарма төрағасының Стратегия және активтерді басқару және медунаралдық қатынастар мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Нысынбаев өз сөзінде аграрлық ғылым өкілдері қазақстандық қоғамда болып жатқан барлық оң өзгерістерді қолдайтынын және алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасайтынын атап өтті.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасын баяндады, онда ел өзара байланысты үш қағидатқа негізделетін жаңа мемлекеттік саясатқа көшетінін атап өтті: әділ мемлекет – әділ экономика – әділ қоғам. Осыған сүйене отырып, ол экономикада, әлеуметтік салада, өңірлік саясатта түбегейлі өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасына сәйкес, бұл бағыттардың барлығы басым бағыттар болып табылады және ол мұның бәрін жүзеге асыруға ниетті.

Атап айтқанда, депутаттар Дамсы тұрғындарының өзекті мәселелеріне тоқталды-бұл орталықтандырылған жылыту мәселесі, оны шешуге 2023 жылғы республикалық бюджетте қаражат көзделген. Бұл жаңалық тұрғындардың көңілінен шықты. Іс-шара барысында кездесуге қатысушылар спортты дамытуға және жергілікті мектептерді күрделі жөндеуге қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Сондай-ақ, ғылыми жұртшылықтың атынан Шортанды ауданының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Ақшалов Қанат, сондай-ақ медициналық-санитарлық мекеменің басшысы, Шортанды аудандық мәслихатының депутаты Горкушева Галина сөз сөйледі.

скачать dle 12.0
581 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх