Qazpatent алаңында «Агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларды құқықтық қорғаудың өзектілігі және оларды коммерцияландыру. Қазақстанның УПОВ-қа кіруі (UPOV)» тақырыбы бойынша сараптамалық пікірталас өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

2 желтоқсанда Казпатент алаңында «Агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларды құқықтық қорғаудың өзектілігі және оларды коммерцияландыру. Қазақстанның УПОВ-қа кіруі (UPOV)» өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ, «QazInnovations» инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Astana Business Group BM LTD» ЖШС, «Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ және «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ өкілдері, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласындағы селекционерлер мен ғалымдар қатысты.


Кездесу барысында агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларды құрудың өзекті мәселелері, соңғы жетістіктер, құқықтық қорғаудың өзектілігі және коммерцияландыру мүмкіндігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) кіруінің маңыздылығы талқыланды. Сондай-ақ, іс-шара барысында жаңа нысан-географиялық нұсқамалар бойынша презентациялар ұсынылды.

Қатысушылар Қазақстанның УПОВ-ға (UPOV) кіруі мәселелері бойынша оң жақтарын да, ықтимал тәуекелдерін де ашып, белсенді түрде талқылады.

Тақырыбы бойынша: Инновациялық қызмет және коммерцияландыру бағыты бойынша «А.И. Бараева атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Коммерцияландыру бөлімінің маманы Бауыржан Бекешев сөз сөйледі.



Ақпарат «Ұлттық зияткерлік меншік» сайтынан алынды:

https://kazpatent.kz/kk/news/qazpatent-alanynda-agroonerksip-salasyndagy-innovaciyalardy-kukyktyk-korgaudyn-ozektiligi-zhneскачать dle 12.0
616 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх