Ғылым саласы бойынша ынтымақтастық бағыттары айқындалды
Жаңалықтар
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да күздік бидайды өсіру саласындағы Украина мен Қазақстан арасындағы әлеуетті ынтымақтастық бағыты бойынша кездесу өтті.
Украиналық делегация тарапынан іс-шараға Украина Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі Н.Безуглы, Қазақстан Республикасының Харьковтағы құрметті консулы Наджафли Эмин Муса оглы, Инновациялық даму мен Харьков қалалық кеңесінің мүшесі, имидждік жобалары бөлімінің бастығы В. Грецкая-Миргородская, ҰҒА корреспондент мүшесі В. Соколов, Ұлттық ғылым академиясының тұқым шаруашылығы және әртүрлілікті зерттеу ұлттық орталығы генетикалық селекция институтының директоры В.Соколов, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Күріш институтының директоры В.Дудченко және басқалар қатысты.
Қазақстандық тараптан Басқарма төрағасының ғылым-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары И.Тоқбергенов, «NANOC» КЕАҚ Ғылым департаментінің бас менеджері Т.Савин, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы - ғылыми зерттеу орталығының басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Г.Стыбаев қатысты. Сондай-ақ аға оқытушы С.Жатаев, жетекші ғылыми қызметкер А.Абсаттарова, халықаралық қатынастар департаментінің директоры С.Мейрамова, Ғылым департаментінің директоры м.а. А.Нұрмұханбетов те болды.
Кездесуде Қазақстан жағдайында күздік бидайдың украиндық сорттарын өсіру және тестілеуді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Күздік бидайдың жаңа сорттарын тұқым шаруашылығы мен, өсіру, көбейту және коммерцияландыру саласындағы украиналық әріптестерінің тәжірибесі ұсынылды. Университет ғалымдары дәнді дақылдарды өсірудің табиғи -климаттық жағдайларына, оларды өндіру мен көбею ерекшеліктеріне қатысты сұрақтар қойып кеңес алды. Сонымен қатар, украин селекционерлерінің коммерцияландыру процесін ұйымдастыру мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Кездесу нәтижесінде «Ұлттық аграрлық ғылыми -білім беру орталығы» КЕАҚ іс -шаралар жоспары аясында айтылған бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту туралы шешім қабылданды.

514 -рет қаралды