А.И. Бараев атындағы АШҒӨО жас ғалымдарының 4 жобасы мақұлданды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

    "С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ" КеАҚ, "А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС және "А.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ішкі гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздік кешені" басым бағыты бойынша 10 өтінімтүсті.

Қарау нәтижелері бойынша біздің жас ғалымдарымыздың 4 жобасы қаржыландыруға мақұлданды:

1) "Жасымық мысалында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық үлгілерінің әлеуетін салыстырмалы зерттеу кезінде селекциялық процестің тиімділігін арттыру үшін қашықтықтан зондтауды – вегетациялық индекстерді пайдалану" (жетекшісі - Жанзаков Б.Ж.);

2) "Солтүстік Қазақстанның мал азығы өндірісін тұрақты дамыту үшін фитоценотикалық селекцияны пайдалана отырып, дәнді-бұршақ шөп қоспаларын жасау" (жетекшісі - Островский В.А.);

3) "Ірі қара малға түйіршіктелген жем дайындау үшін жоғары өнімді жайылымдық шикізат жасау технологиясын әзірлеу" (жетекшісі - Курбанбаев А.И.);

4) "Солтүстік Қазақстан жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың сорттары мен перспективалық желілерінің аминқышқылдарының құрамын және астық сапасының технологиялық көрсеткіштерін бағалау" (жетекшісі - Джазина Д.М.).

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

скачать dle 12.0
912 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх