Өсімдік қорғау және карантиннің өзекті мәселелері


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

   Бүгін Шортанды кентінің аудан әкімдігінде Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы ұйымдастырған агро оқу өтті. Кеңеске мемлекеттік және мемлекеттік емес салалық мекемелердің өкілдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

   А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-нан шақырылған спикер-ғалымдарының сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық тудырды. Өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкерлері, а.ш.ғ.к. Тулеева Асия Кузаировна және РhD докторы Утельбаев Ерлан Аманжолұлы өз баяндамаларында өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғаудың заманауи әдістері, қорғау іс – шараларын жете бағаламау кезінде егіннің жоғалуы, қауіпті карантиндік объекті-жатаған укекіремен күресудің стратегиясы мен тактикасы туралы ақпарат ұсынды.


 Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологияларында егіншілікті дамытудың қазіргі кезеңінде фитосанитарлық блок барған сайын маңызды орын алатындығы атап өтілді. Нақты мәліметтерде өсімдіктерді қорғау шаралары егіннің мөлшеріне қалай әсер ететіндігі, оның зиянкестерден, аурулардан сақталуын қамтамасыз ететіндігі, сондай-ақ агротехникалық және химиялық іс-шаралардың қай кешені танаптан арамшөптерді жоюды кезең-кезеңімен жүзеге асыратындығы көрсетілген.


  Соңғы жылдары таралу аймағының кеңеюімен, зиянды түрлердің дәрежесінің өзгеруімен, патогендер, фитофагтар, арамшөптер кешендерінде олардың жекелеген түрлерінің зияндылығының жоғарылауымен, сондай-ақ нарықтың барлық сегменттерінде пестицидтер бағасының айтарлықтай өсуімен өсімдіктерді қорғау құралдарын және оларды қолдану тәсілдерін таңдауға негізделген тәсіл қажет.

  Іс-шара барысында кеңеске қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Өсімдіктерді қорғау және карантин мәселелеріндегі прогрессивті динамиканы жақсарту ғылымның, барлық мүдделі қызметтердің және агробизнес өкілдерінің тығыз өзара іс-қимылымен мүмкін болатындығы туралы ортақ пікірге келді. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау бар.

скачать dle 12.0
1 008 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх