Ақмола облысындағы егістіктердің мониторингі және арамшөптермен күрес


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп , ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек Марсовичтің қатысуымен семинар өтті. Семинардың тақырыбы: "Өсімдіктерді қорғау жүйесі: дәнді және майлы дақылдарды қашықтан мониторингтеуді пайдалана отырып, арамшөптермен күресу шаралары және бақылау". Семинар жұмысына Ақмола облысының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өкілдері, ҚР АШМ АӨК Ақмола МИК ОТИ қызметкерлері мен мамандары, ҚР АШМ АӨК МИК "Фитосанитария" ШЖҚ РМК Ақмола филиалы, ҚР АШМ АӨК МИК "РФДжБӘО" РММ Ақмола филиалы қатысты.

Семинарда карантиндік арамшөп жатаған укекіреге (қызғылт) қарсы күрес іс-шараларына назар аударылды. Укекіре бұл мәдени өсімдіктердің, ең алдымен дақылдардың қалыпты өсуіне және дамуына кедергі келтіретін зиянды арамшөптер. Егістіктердегі укекіре Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ете отырып, астық өндірісінің экспорттық мүмкіндіктерінің төмендеуіне тікелей әсер ете отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге үлкен шығын әкеледі.

Егістіктің тәжірибелік бөлімінде Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің алқаптарында ҚР АШМ АӨК МИК " РФДжБӘО РФДжБӘО" РММ Ақкөл аудандық филиалының басшысы Рүстем Серікұлы Лакпаев қатысушыларды топырақ қимасында жатаған укекіренің (қызғылт) тамыр жүйесімен және морфологиясымен таныстырды. Шортанды ауданы "Раевка" ЖШС бас агрономы Николай Викторович Томинов зиянды арамшөппен күрес бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті. Шаруашылық мамандары аспалы және тіркемелі бүріккішпен химиялық өңдеу жүргізу процесін көрсетті. Сондай-ақ, егістікті арамшөптерге қарсы механикалық өңдеу бойынша топырақ өңдеу техникасының жұмысы көрсетілді. Жарқайың ауданының агрономы Светлана Орехова укекіреге заманауи химиялық препараттарды қолдану туралы айтты.

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының алаңында қатысушылар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қызметімен танысты. Семинарға қатысушыларды орталық қызметінің негізгі бағыттары және ғылыми-практикалық жетістіктері туралы "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрлан Амангелдіұлы Серекпаев айтып берді.

Орталықтың акт залында семинардың пленарлық, теориялық бөлімі өтті."А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Утельбаев Ерлан Аманжолович "Карантиндік арамшөп жатаған укекіренің биологиялық ерекшеліктері. Арамшөптермен күресуге арналған агротехникалық және химиялық іс-шаралар" тақырыбында баяндама жасады. "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Тулеева Асия Кузаировна дәнді, майлы, дәнді-бұршақ дақылдар егістіктерінің фитосанитариялық жағдайын реттеу бойынша теориялық негіздерді тақырыбын таныстырды. "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС нақты егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері Лисенович Александр Иванович "Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің қашықтықтан мониторингі" тақырыбына презентация ұсынды, онда қашықтықтан мониторингтің заманауи аппараттық-бағдарламалық құралдары, проблемалық мәселелер және Солтүстік Қазақстанда өндіріске енгізудің табысты практикалық тәжірибесі бойынша шолу ұсынылды.

Семинар барысында өсімдіктерді қорғаудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің өкілдері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен егістікті зиянды объектілерден қорғау жөніндегі тиімді іс-шараларды әзірлеу және уақтылы өткізу мақсатында ынтымақтастыққа мүдделілік танытты.


"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС білім тарату орталығы

скачать dle 12.0
1 006 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх