Ғылыми зерттеулер бойынша ағымдағы сұрақтар нақтыланды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

    А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары қарқынды және нақты егіншілік бойынша 2 ірі ҒТП-да жұмыс істегеніне үшінші жыл өтіп жатыр. Алдыңғы 2 жылда, 2021 жылдан 2022 жылға дейін орталық ғалымдары бірлескен орындаушылармен бірге техникалық тапсырмаларда белгіленген іс-шараларды іске асыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізді. 2 жыл ішінде 182 мақала мен ұсыныс жарияланды, 44 оқу семинары мен Дала күндері өткізілді. Зерттеу нәтижелерін қорытындылаған жылдық есептер сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

   Бүгін, 10 ақпанда зертхана меңгерушілері мен қызметкерлерінің және тақырыптық іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты адамдардың қатысуымен егіншілік бөлімінің кезекті отырысы өтті. Патенттер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, ғылыми мақалаларды жариялау, ақпараттық-имидждік сипаттағы мақалалар мен ТВ-да сөз сөйлеу, ғылыми кадрларды даярлау және басқа да өзекті мәселелер бойынша жоспарлар нақтыланды. Егіншілік бөлімінің отырысы нәтижелі өтті, зерттеуді аяқтайтын жылға жоспарланған жоспарлар орындалды.

скачать dle 12.0
546 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх