Ғылымның негізі кітапханадан басталады


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


А.И.Бараев атындағы  астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының кітапханасында сақталып тұрған құнды қорлардың уақыт өткен сайын маңыздылығы арта бермек.

Бүгін аталмыш орталыққа арнайы келіп мұндағы ғылыми кітапхана мен танысып, кітапхана меңгерушісі Проскура Ольга Павловнамен сұхбаттастық.

- Ольга Павловна,  бұл кітапхананың оқырмандары кімдер?  Кітапхана қорында  қандай маңызды кітаптар сақталған. Білуімше бұл жерде тек кітапхана ғана емес сирек кездесетін кітаптар қоры да сақталған екен.

- Әрине, дұрыс айтасыз. Бұл жерде ерекше қор сақтаулы тұр. Шынын айтсам өте сирек кездесетін кітаптар бар. Кітаптардың маңыздылығын былай қойғанда әр кітаптың тарихы да өз алдына бір әлем. Өзіңіз көріп тұрғандай бұл жерде ауылшаруашылығы саласы бойынша кітаптар қоры жинақталған. Мұндай қор еліміздің еш қандай жерінде жоқ. Бұндай қор біреу ғана. Ал мұнда кімдер келеді десеңіз, көбіне ғылыми бағыттағы ізденушілер, магистранттар мен доктаранттар келеді. Тіпті ғалымдар да жиі бас сұғып тұрады. Еліміздің түкпір-түкпірінен хабарласып арнайы іздеп келетіндер бар. Алыс-жақын шет елдік ғалымдар мен ізденушілер келеді.  Атап айтсам Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан және т.б. елдердің өкілдері болды. 

- Ескі кітаптар бар дедіңіз сонда олар қаншалықты ескі кітаптар.  Олардың маңыздылығы неде?

 - Айталық кітапхана1800 жылдардағы кітаптар қорынан басталады. Бұл дегеніміз кеңес дәуірі орынағанға дейінгі заман. Сол кездің өзінде ғалымдар ауылшаруашылығымен түбегейлі айналыса бастаған. Оқып отырсаңыз олардың дәлелдемелері қазіргі күннің өзінде маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Кейбір қолжазбаларды қарап отырсақ өте қызықты деректерге тап болады екенсің. Мысалы сол кездегі топырақтың жағдайы, судың ахуалы, астық тұқымдастарының селекциясы сынды дәлелдемелер бүгінгі ғалымдар үшін де ғылым үшін де өте өзекті. Мұны мен ғылымның негізі  деп айтар едім.  Демек бұл жерде тұрған кез келген кітап уақыт өткен сайын өз маңыздылығын арттыра берері сөзсіз.

Мысалы сирек қор бөлімінде Климент Аркадьевич Тимирязевтың ғылыми жобалары мен бірге 1860 жылдары тұрақты түрде жарық көрген «Сельское Хозяйство», журналы, сол уақыттарда жарыққа шығып отырған «Лъесоводство», журналы, тіпті Чарлиз Дарвиннің ауылшаруашылығы туралы айтқан тұжырымдамаларын көруге болады. Мұның барлығы біздің кітапханамыздың басты құндылықтары.    Одан бөлек, ғалымдардың қолжазбалары мен ғылыми диссертациияларының да топтамасы сақталып тұр. 

- Осы уақытқа дейін елімізде талай құнды дүнйелер жойылып кетті. Керемет кітапханалар ешкімге керек болмай қалғанын көзіміз көрді. Сіздер бұл кітапхананы қалай сақтап қалдыңыздар?  

- Ия кітапхана түгілі ғылыми орталықтың өзінің халі мүшкіл болған уақыттарды бастан кештік. Ол кезде мен өзім селекция бөлімінде жұмыс жасайтын едім. Кітапханамыздың халі өте мүшкіл болды. Суық жерде қалды. Тіпті бұл орынды қойма ретінде де пайдаланып жүрді. Бірақ біздің ғалымдарымыз және осында жұмыс атқарған барлық қызметкерлер кітапхананың бір де бір кітабына тиіскен жоқ. Себебі олар бұл дүниенің қаншалықты құнды, маңызды екенін жандарымен түсінді. Осылайша барлығымыз қызғыштай қордық десем болады. Уақыт түзеліп заман жақсарған уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бірақ қаражаттың жетпеуінен жұмыс соңына дейін жасалмай орта жолда қалып қоя берді. 2020 жылы біздің орталықты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің құламына біріктірді. Сол кезде басшылық үлкен күшпен, мол қаражат жұмсай отырып кітапханамызды қайта қалпына келтірдік. Көп дүниелер бүліне бастаған екен. Біз оны реставрациядан өткізіп, кейбір қолжазбаларды өз қолымызбен қайта тігіп түптеп сөрелерге қойдық.

Ескі кітаптардан бөлек кітапхана үшін жыл сайын елімізде жарық көріп жатқан ауылшаруашылығы саласына байланысты басылымдарға тапсырыспен алдыра бастадық. Тіпті шетелдік маңызды басылымдар да келіп тұрады. Қазір университет студенттері көптеп келе бастады. Студенттер келген соң арнайы оқу залын да аштық. Ғылым үшін кітапхананың маңыздылығы мол екені белгілі. Қолдан келгенше кітап қорын толықтырып отырамыз. Бір қызығы ертеректе орталықта жұмыс жасаған ғалымдар өздері хабарласып жеке кітап қорларын бізге әкеліп өткізіп жатады.  Кейде өзіміз өмірден өтіп кеткен ғалымдарымыздың ұрпақтарына хабарласып үйінде жеке кітапханалары болса салтанатты түрде табыстауын және осылайша ғылым үшін  көп шаруа атқаратындықтарын айтамыз. Олар мұндай бастамаларға қуана келісім беріп жатады. Бір айта кетерлігі кітапханамыз түгелдерлік электронды жүйеге өткен. Бүгінгі таңда ҚАТУ кітапқанасымен бір базада жұмыс істеп тұр.   Ал өзім қазір кітапханашы мамандығын оқып жатырмын. Себебі өзім үшін, А.И. Бараев атындағы  астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы үшін бұл өте маңызды.

- Мұндағы кітаптар қоры қанша?

- Мұндағы кітап қоры дәл қазіргі уақытта 72500 шамасында.

- Ерекше сұхбатыңыз үшін алғыс айтамын Ольга Павловна.

Материал сайттан алынды https://kazatu.edu.kz/news/gylamny-negizi-kitaphanadan-bastalady

скачать dle 12.0
746 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх