Минералды қоректендіруді оңтайландыру және жаздық бидайдың өнімділігі
Ғылыми мақалалар / Топырақ құнарлығы
Баршаға мәлім, ауыл шаруашылығы дақылдарының тыңайтқышқа бейімділігіжылдың ауа райы жағдайларына ғана емес, сонымен біргетопырақта жоғары өнім қалыптасу үшін жеткілікті көлемде қоректік заттардың болуына да байланысты. Дегенмен соңғы жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарын себердің алдында жағымсыз жағдай қайталанумен келеді. Ол – топырақта азоттық қоректің негізгі көзі болып табылатын нитратты азоттың төмен болуы. Бұл жағдай таза парға орналасатын егістіктен өзге бұрын егілген егістіктердің барлығында байқалуда. Тек кейбір бұршақ тектес дақылдардың егістігінде ғана кездеспейді. Мұндай егістіктерде аңыздық астық фондарға қарағанда әдетте азоттың жеткіліктілігі жоғары болмайды. Әйтсе де мұның өзі жалпы жағдайға әсер ете алмайды. Осының салдарынан тиісті өнім көлеміне қол жеткізе алмаймыз, оған қоса астықтың сапасы нашар болады.
Көктемде топырақтағы азоттың қорын және азотты тыңайтқыштарды қолдануға қажеттілікті дұрыс бағалау үшін топырақта азоттың мөлшеріне қандай факторлар әсер ететінін білуіміз қажет. Әрине ең алдымен ол органикалық заттардың қоры және минералданудың нәтижесінде нитратты азоттың түзілу мүмкіндігіне байланысты. Топырақта қарашірік жоғары болған сайын азот да мол түзілуі ықтимал. Минералданудың жылдамдығы топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне, органикалық заттардың құрамына және өсіп-өну маусымындағы ауа райы жағдайларына байланысты айқындалады.
Біздің мәліметтеріміз бойынша 2018 жылы тұқым себудің алдында таза пардағы нитратты азоттың құрамы 0-40 см қабатта 9,0 мг/кг (орташа қамтылу) немесе 40,5 кг/га болды. Сөйте тұра азотты тыңайтқыштар қолданылмаған нұсқада өнім 32,0 ц/га қол жеткізілді. Бұл 96 кг/га азоттың шығынына тең. Демек, 56 кг/га азот органикалық затты ағымдағы минералдандыру нәтижесінде өсіп-өну кезеңінде 56 кг/га азот түзілген. Бірақ та жиын-терімнен кейін азоттың ауыспалы қорлары өте төмен болғанын ескерсек, өсімдіктердің азотпен қоректенуі, дәл осы жағдайда оның пайда болуы және қорекке жаратылуында тапшылық болды. Азоттың жетіспеушілігі жоғары өнімділікпен қатар, оның сапасына да әсер етті.
Біз 2018 жылы оңтүстіктегі карбонатты қара топырақта өндірістік минералды тыңайтқыштарды қолданудың кейбір нұсқаларын тексеріп көрдік. Атап айтқанда аңыздық фон бойынша бидайға арналған алқапқа тұқым себумен қатар 20-дан 80 кг/га дейін азоттың 4 мөлшері Р20 мөлшермен фосфорды араластыра отырып енгізілді. Тыңайтқыш тұқымнан төменге 2-3 см-ге енгізілді. Осының нәтижесінде тыңайтқышты қолданбай-ақ бидайдың өнімділігі 22,4 ц/га, ал Р20 қолдану арқылы 26,2 ц/га құрады. N20Р20 бірге енгізгенде өнімнің өсімі Р20 нұсқасымен салыстырғанда 3,7 ц/га (29,9ц), N40Р20 - 5,8 ц/га (32,0 ц), N60Р20 - 8,4 ц/га (34,6) құраса және N80Р20 нұсқада 5,9 ц/га төмендеді. Сонымен бірге дәнмаңызының мөлшері тәжірибе нұсқалары бойынша тыңайтқыштарды пайдаланбағандағы нұсқада 23,5%, Р20 нұсқада - 22,5%, Р20 қосымша енгізу дәнмаңыздыңкөлемі 24,4% дейін,N40 мөлшері бойынша – 28,2% дейін, N60 мөлшеріне дейін – 30,7% дейін және N80мөлшері бойынша 33,6%-ға дейін ұлғайды. Мұндай нәтижелер азотпен қоректіндіруді ғана емес, сонымен қатар фосформен қоректендіруді оңтайландырмаған жағдайда мүмкін болмайтыны түсінікті. Әрине, мұндай жағдайларда өсімдік ең алдымен азоттың көп шығындалуы салдарынаназоттық қоректің жетіспеушілігін сезген. Ол өндірістік тексеру нәтижелерінен расталып отыр.
Сонымен бірге өнімділіктің айтарлықтай өсу резерві фосфорлы қоректі оңтайландырудан байқалуда, бұл туралы Р20 енгізу нұсқасында өнімділіктің 3,8 ц/га-ға көтерілуі дәлел бола алады. фосфорлы қоректі кг-ға 30 мг-ға жуық Р2О5 және бір кг топыраққа 12-14 мг N-NО3 азоттық қоректі арттыру аталған қоректік элементтердің тапшылықсыз балансын қамтамасыз етіп, ылғал жақсы болған жағдайда жоғары сапалы максималды өнім алуға кепілдік бермек.
Дегенмен көп өнім алу үшін азоттық тыңайтқыштарды көп мөлшерде енгізудің қажеті жоқ. Бұл жерде тікелей әсер ету өте сирек кездеседі. Солтүстік Қазақстанның табиғат жағдайында ауа райы өте құбылмалы. Сондықтан өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде жағдай әртүрлі боп өрбуі мүмкін. Органикалық заттың минералдануы арқасында топырақ өсімдікті азотпен толық көлемде қамтамасыз ете алатынын да жоққа шығаруға болмайды. Бұл жағдайда азотты тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.
Азотты тыңайтқыштарды енгізу жөнінде шешім қабылдағанда топырақта органикалық заттардың минералдануы барысында азоттың пайда болуына ықпал ететін факторларды ғана емес, сонымен қатар өнімнің көлемін айқындайтын факторды да ескерген жөн.
Филонов В.М.,
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО тыңайтқыштар және микробиология орталығының консультанты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Наздрачев Я.П.,
агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі