А.И. Бараев атындағы АШҒӨО кітапхана қоры ғылымның қоймасы


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Ғылыми кітапхана А. И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталық құрылымының маңызды элементі болып табылады. Кітапхана қорын қалыптастыру 1957 жылдан басталды. Қордың алғашқы кітаптары Шортанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясының ғалымдары қолданған оқу құралдары негізінде 1956 жылы астықшаруашылығы Ғылыми-зерттеу институты құрылды.


Кітапхананың кітап қоры бірегей болып танылды. 2021 жылы кітапхананы қайтақұру барысында ретрофонд құрылды. Оған ботаника және биология бойынша ғылыми басылымдар, 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басындағы географиялық атластар мен энциклопедиялар кірді.

Кітапхана қорында және ғылыми әдебиеттердің, салалық энциклопедиялар мен сөздіктер, анықтамалықтар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептері, библиографиялық, ақпараттық және мерзімді басылымдардың бай жинағы сақталған. Көптеген жылдар бойы шетелдік және көркем әдебиет қорлары құрылды. Бүгінгі таңда арнайы басылымдар: ғылыми, оқу және анықтамалық әдебиеттер, әдістемелік құралдар, ұсынымдар, диссертациялар мен авторефераттар жинақталып отыр. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің электронды кітапхана ресурсына енгізілген. Бұл кітапхана қоры мен оқырмандар санынының артуы мен қызығушылықты оятары сөзсіз.

Электрондық қор А.И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың қызметкерлері мен мамандарына пайдалану үшін қолжетімді болып отыр.


Қызметкерлердің тілектерін ескере отырып, кітапханада 18 орындық ыңғайлы оқу залы жасақталған. Студенттер мен ғалымдардың қажетіне жарайтын әдебиеттер мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Сонымен бірге мерзімді басылымдарға да тапсырыс беріліп отыр. Орталықтың ғылыми кітапханасы

Павлодар ғылыми-техникалық кітапханасының филиалымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Тақырыптық әдебиеттерді іріктеу бойынша деректермен алмасу белсенді түрде жүргізілуде.

скачать dle 12.0
335 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх