А.И. Бараев атындағы АШҒӨО мерейтойы


Жаңалықтар


Құрметті достар, әріптестер!


   Бүгін алтын ұямыз «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» құрылғанына 65 жыл толып отыр. Атаулы датаның еліміз үшін ең маңызды күн – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен қатар келіп отырғанын атап өткіміз келеді. Ғылыми орта қашан да ел дамуының бірден бір маңызды тетігі болып қала беретіні баршамызға мәлім.

   Төл тарихы 1956 жылдан бастау алатын Ғылыми орталығымыздағы жобалар әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. 65 жыл ішінде біз біраз белестерді бағындырдық. Бүгінгі таңда Ғылыми орталығымыз республика бойынша дәнді, бұршақ дақылдарын, майлы дақылдарды, жемдік дақылдарды өсіру және жаңа сорттарын құру технологияларын әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын жетекші мекеме.

 Ғылыми орталығымыздың қызметкерлерінің зерттеулері мен өндірістік әлеуметінің, озық технологияларымыздың және жоғары өндірістік мәдениетіміздің, мол еңбек тәжірибеміздің арқасында біз астық өнеркәсібі алдына қойылған ең күрделі міндеттерді атқарып, алға қойылған мәселелердің оң шешімін тауып жүрміз.

   Біздің ұжымда астық индустриясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғылыми-шығармашылық ұстанымы нық, мақсат биік парасатты қызметкерлер еңбек етті, бүгінгі таңдағы әріптестеріміз солардың жолын жалғыстырып келеді. Дәстүр сабақтастығы мен заман талабына сай даму, жинақталған тәжірибе, жоғары деңгейдегі кәсіпқойлық Ғылыми орталықтың астық ғылымын дамытуда алдыңғы қатарда болатынына кепілдік береді.

   Бүгінгі мерейлі күн – Ғылыми орталық қабырғасында еңбек етіп, атын әлемге паш еткен жандар үшін, жалпы, орталығымызға қатысы бар барша қызметкерлер үшін ерекше қуанышты күн. Сондықтан бұл күн бірқатар мерекелік шаралармен жалғасын табуы тиіс еді. Дегенмен, карантиндік шектеулерге байланысты мерекелік іс-шаралар күзгі маусымда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне қарай орайластырылып отыр.

   Ғылыми орталығымыздың барлық ардагерлері мен қызметкерлерін шын жүректен құттықтап, денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Алға қойған жоспарларыңыз оңынан орындалсын.


Құрметпен,

Нұрлан Серiкпаев, 

Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы


скачать dle 12.0
630 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх