ҚазАТЗУ агрономия факультеті, А.И.Бараев атындағы АШ ҒӨО және РХДУ Агробиотехнологиялық департаменті ғалымдарының «Тұрақты ауыл шаруашылығы» ғылыми семинарлар циклындағы бірлескен жұмысы басталды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Ресей Халықтар достығы университетімен ынтымақтастығы аясында Агрономия факультеті РХДУ университетінің Аграрлық-технологиялық институтының агро-биотехнологиялық кафедрасымен бірлесіп «Тұрақты ауыл шаруашылығы» атты ғылыми семинарлар сериясын өткізуде.

 Семинарларды өткізу мақсаты – екі университет ғалымдарының ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін талқылау, ғылыми жобалар жасау, жобалық өтінімдерді қалыптастыру, мақала жазу мәселелері және басқа да практикалық және кеңестік сипаттағы мәселелер. Жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар арасында білім тарату да осы семинарлардың мақсаттарының бірі болып табылады. Семинарда РХДУ университеті, С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ және А.И. Бараев атындағы АШҒӨОғалымдары баяндама жасайды.

  Кеше, 29.03.2023 жылы «Бұршақ дақылдарының селекциясы» тақырыбында семинар өтіп жатыр, одан кейін «Малазықтық дақылдар селекциясы», «Астық дақылдарының сорттық қоспаларын бағалаудағы ГАЖ технологияларының мүмкіндіктері, өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларының мониторингі», «Өсімдіктерді қорғаудағы биотехнология» бағыттарындағы баяндамаларды талқылау жоспарланып отыр. Кездесулерді айына бір рет өткізу жоспарлануда, сондықтан семинарлар ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.


Материал сайттан алынды https://kazatu.edu.kz/ru/news/v-sejfullin-universitete-nacalsa-cikl-naucnyh-seminarov-na-temu-ustojcivoe-sel-skoe-hozajstvo

скачать dle 12.0
276 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх