А.И. Бараев атындағы АШҒӨО жас ғалымы Жанзаков Бахтияр ғылымның өзекті мәселелерін талқылауға қатысты
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
2023 жылғы 25 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының қолдауымен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің тау-кен металлургия корпусының акт залында жас ғалымдардың қатысуымен «Қазақстан ғылымының проблемаларын сәйкестендіру және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына офлайн және онлайн режимдерде әр түрлі отандық және шетелдік ғылыми қауымдастықтардан 170-ке жуық қатысушы қатысты.А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның атынан нақты егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жанзаков Бахтияр қатысты.
Іс-шара аясында әлемдегі және елдегі ғылымның бірқатар өзекті мәселелері көтерілді. Ғылымдағы қазақ тілінің мәртебесі, гранттарды ресімдеу кезіндегі кемшіліктер, тәжірибелік-техникалық сынақтар жүргізу үшін алаңдардың жеткіліксіздігі, ғылыми ортадағы ағылшын тілін білудің әлсіз деңгейі, ғалымдарды ынталандыру және әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар және басқа да көптеген мәселелер назардан тыс қалмады. Спикерлер ретінде «ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА» КеАҚ Президенті Закария Күнсұлу Далтонқызы,"Өрлеу біліктері артыру ұлттық орталығы« Басқарма Төрағасы Айбулдин Еламан Қанатұлы, „Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті“ КеАҚ сынақ орталығының директоры Бейшова Индира Сайтанқызы және басқа да мүдделі тұлғалар сөз сөйледі, олар барлығының шешімі бойынша осы басым міндеттер қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, отандық ғылымның дамуын жеделдету үшін көптеген инновациялық міндеттер мен ресурстық мүмкіндіктер айтылды.
(Б. Жанзақовтың іссапар туралы есеп материалдары бойынша)
Сурет-1-Отырыс
Сурет-3 -Д өңгелек үстелде жұмыс процесінде