ҒТП шеңберінде zoom-кеңес өтті (BR10865093)


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

 

  Бүгін ҒТП (BR10865093) орындау шеңберінде «АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне ғарыштық зондтау және нақты егіншілік технологиясын бейімдеу үшін техникалық және технологиялық параметрлерді әзірлеу және ғылыми негіздеу және осы үшін қажетті референттік деректер базасын қалыптастыру» ҒТП басшысы К.К. Кунанбаев пен ҒТП үйлестірушісі В. Ф. Скобликов «АШТС» Заречное ЖШС, Солтүстік Қазақстан АШТС, Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетімен бірлесіп орындаушылардың қатысуымен zoom-кеңес ұйымдастырды. Онда аралық зерттеулердің нәтижелері келтірілді. Бірлескен орындаушылар агротехника, ауыспалы егіс және агрохимия бойынша мәліметтер базасын ұсынды. Фермерлерге арналған бағдарламалық жасақтама жасау жұмыстары жалғасуда.

 Сондай-ақ, ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде базалық шаруашылықтарда нақты егіншіліктің әзірленген элементтері мен техникалық шешімдерін енгізу: егістіктерді агрохимиялық зерттеу, материалдарды әртараптанған енгізу тапсырмаларының карталарын қалыптастыру, егістіктерді қашықтықтан мониторингілеу бойынша жұмыстар жалғасқаны атап өтілді.

скачать dle 12.0
395 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх