Ғалым-селекционерлер Қостанай облысында бидай сорттарын дәріптеу бойынша танаптық іс-шараларға қатысты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

  Бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі А. Т. Бабкенов және жаздық қатты бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Р.С. Жылқыбаев 2023 жылдың 29 шілдесінде Қостанай облысының «Пономарев» ШҚ базасында " ЭЛИТ ТРЕЙД KZ"ЖШС бастамасымен өткен Дала күніне қатысты. Дала Күнінің іс-шарасына «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары С. А. Сагандыков, «ЭЛИТ ТРЕЙД KZ» ЖШС басшысы Е.Г. Эйсфельд, «Юго-Восток» ФМБМУ ФМБМ директорының орынбасары С. С. Деревягин, «Иванов и К» ШҚ шаруашылық басшысы В. В. Иванов, «Агролигасы ЦСР»ЖШҚ бас директоры Долаберидзе С. Д.,«Аграрный сектор»журналының редакторы Н. Н. Латышев,«Юго-Восток» ФГБНУ ФАНЦ жаздық бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Г. А. Бекетаева және өңірдің агробизнесінің басқа да өкілдері қатысты. Дала күнін өткізудің негізгі мақсаты отандық және шетелдік селекция сорттарының демонстрациялық дақылдарын көрсету болды.

  Біздің ғалым-селекционерлер А. Т. Бабкенов пен Р.С. Жылқыбаев фермерлерге бүгінде тұқым шаруашылығы нарығында өзін танытқан «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің селекцияларындағы жаздық жұмсақ бидай сорттары Шортандинская 95 улучшенная, Шортандинская 2014, сондай-ақ қатты бидай сорттарын Дамсинская янтарная және Дамсинская 20-17сорттарынкөрсетті.Қатысқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің пікірінше, элиталық тұқым шаруашылығы шаруашылықтарының көпшілігі ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарының оригинаторы мәртебесіне ие А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен белсенді ынтымақтасады.

  Үздіксіз серіктестік пен ғылыми білімнің кеңеюі арқылы біз дақылдарды өсіруде одан әрі ілгерілеуге жол ашып, аймақтың ауылшаруашылық қауымдастығының өркендеуіне үлес қоса аламыз.

скачать dle 12.0
288 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх