Раиса Никитична Оковитая


Тарих беттері
Раиса Никитична Оковитая, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Раиса Оковитая 1943 жылы 4 наурызда Винницк облысы Ильинецкий ауданының Сорока селосында туған. Еңбек жолын 1961 жылы сұрыптық диірменде бастаған. Ал 1962 жылы Астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жұмысқа тұрды. 1965 жылы селекция зертханасында аға зертханашы болды. 1975 жылдың қазанында жемазықтық дақылдар зертханасының қызметкері болып еңбек етті. 1984 жылдың желтоқсанында станцияаралық сұрыпты сынау зертханасында қызметкер болды. 1987 жылы Ленинградта ғылым кандидаты атағы үшін «Сұлының тектік қоры және оны Солтүстік Қазақстан жағдайында селекцияға пайдалану» тақырыбында диссертациясын қорғап шықты.1991 жылдың наурызында селекция зертханасының меңгерушілігіне тағайындалған. 1999 жылдың сәуірінде жаздық қатты бидай селекциясы зертханасына жетекшілік етуді қоса атқара отырып, жаздық бидай селекциясы бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 2001 жылдың қыркүйегінде оған селекциялық орталыққа басшылық ету міндеті жүктелді. Р.Оковитая 2002 жылдың тамызында құрметті еңбек демалысына шықты. Раиса Никитична 23 ғылыми мақаланың авторы болып табылады.
скачать dle 12.0
1 049 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх