Орталықтың ғалым-селекционерлері Омбы АҒО мерейтойлық іс-шараларына қатысты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

  2023 жылғы 1-2 тамызда Халықаралық ынтымақтастық аясында Омбы аграрлық ғылыми орталығында өткен «Болашақ технологияларына қарай дәстүрлерді сақтау» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумға А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалым-селекционерлері Ошергина Ирина мен Тен Евгений қатысты.

  Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістанның жетекші ғалымдарының қатысуымен өткен ауқымды іс-шара СібАШҒЗИ 90 жылдығына орайластырылды. Сонымен қатар, Сібір ауыл шаруашылығы ҒЗИ-нің мұрагері болып табылатын Омбы АҒО құрылғанына бес жыл толды.

 Форум Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім Министрлігінің, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің, Омбы облысы Үкіметінің қолдауымен өтті. Ресей Ғылым академиясы президентінің орынбасары Петр Чекмарев, Омбы облысы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Ушаков, Омбы облысының өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму министрі Андрей Посаженников, Омбы облысының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Николай Дрофа, Омбы облысының заң шығарушы жиналысының аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология комитетінің төрағасы Владимир Пушкарев құттықтау сөз сөйледі.

 Форумның пленарлық отырысы аясында селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың басым бағыттары, егіншіліктің бейімделу жүйесі кезінде құнарлылықты сақтаудың тиімді тәсілдері, АӨК дамуының экономикалық мәселелері және оларды шешу жолдары қаралды.Содан кейін конференцияға қатысушылар Омбы АҒО зертханалары мен алаңдарын аралады.

скачать dle 12.0
519 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх