Ғылыми бақылау — сапалы селекциялық жұмыстың негізі


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


BR24892821 «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өнімділік, сапа және стрестік факторларға төзімділік әлеуетін арттыру мақсатында дәнді дақылдардың селекциясы және бастапқы тұқым шаруашылығы» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру аясында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми қызметкерлері селекциялық-тұқым шаруашылығы жұмыстарының барысына тұрақты түрде ғылыми бақылау жүргізуде.
Кезекті жұмыс сапары Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында өтті. Онда жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Айдос Саянов «Қазақ жылқы шаруашылығы және мал азығын өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу тәжірибелерін қабылдауға қатысты.
Қабылдау барысында мамандар далалық тәжірибелер мен селекциялық-тұқым шаруашылығы питомниктерінің жағдайымен, сондай-ақ 2026 жылғы қаңтар–маусым айларындағы жұмыстардың нәтижелерімен танысты. Селекциялық процестің толық схемасы бойынша жаздық бидайдың 10 500 үлгісі зерттелді. Оның ішінде:
6 400 үлгі — жұмсақ бидай;
4 100 үлгі — қатты бидай.
Жаңа будандық комбинациялар алу мақсатында будандастыру орталығына жаздық бидайдың 30 ата-аналық формасы берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша жаздық жұмсақ және қатты бидай егістіктерінің жағдайы жақсы екені анықталды. Далалық тәжірибелер мен питомниктер белгіленген талаптарға сәйкес орналастырылған. Фенологиялық бақылаулар, есепке алу жұмыстары мен талдаулар уақытылы жүргізілуде.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған ғылыми-зерттеу жұмыстары жұмыс бағдарламалары мен зерттеу әдістемелеріне сәйкес толық орындалған.
Бұған дейін ғылыми бақылау Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында да жүргізілген болатын. Оған А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның ғылыми қызметкерлері Татьяна Шелаева, Дина Джазина және ғылыми-зерттеуші ассистент Саян Жарылғасынов қатысты. Осындай жұмыстар Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында да жүргізілді.
Сараптамалық бағалау барысында тәжірибелердің жағдайына, зерттеу әдістемелерінің сақталуына және құжаттаманы жүргізу талаптарына ерекше назар аударылады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде атқарылып жатқан зерттеулердің BR24892821 ғылыми-техникалық бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі расталды.

Ғылыми бақылау алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның жүйелі түрде жүргізілуі зерттеулердің сапасын уақтылы бағалауға, селекциялық процесті жетілдіруге және бастапқы тұқым шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
скачать dle 12.0
24 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх