А.И. Бараев ат. АШҒӨО ғалымдары өсімдік қорғау саласында ғылыми сүйемелдеуді жүргізуде


Главная / Жаңалықтар


BR22885719 «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтары үшін өзгермелі климат жағдайында ауыл шаруашылығы өнімд ерін рентабельді өндіру үшін тұрақты егіншілік жүйелерін құрастыру және енгізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде  өсімдік қорғау зертханасының ғылыми қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Теңдік ауылында орналасқан «Қаратомар» ЖШС базалық шаруашылығында дәнді, майлы дақылдарды көктемгі себуден күзде өнімін жинағанға дейінгі вегетациялық кезең аралығында өсімдік қорғау бағытында егістіктерге фитосанитарлық мониторинг жүргізу, ғылыми әзірлемелер негізінде өндірістік тәжірибелерді салу бойынша біріккен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 



Солтүстік аудандарда агрофитоценозға пестицидтік жүктемені төмендету үшін себу мен топырақ өңдеудің әртүрлі технологияларын қолдана отырып, дәнді, дәндібұршақ және майлы дақылдарды зиянды ағзалар кешенінен қорғаудың биоэкологияландырылған жүйесі құрастырылуда. 

Шілде айының үшінші онкүндігінде «Қаратомар» ЖШС - нің рапс егістігіне мониторинг жұмыстарынан кейін пестицидтік жүктемені төмендету үшін инсектицидті әсерге ие «Акторофит» биологиялық препаратымен ғылыми-өндірістік тәжірибе салынды. 

Тамыз айының екінші онкүндігінде өңдеуден 14 тәуліктен кейін рапс дақылының зиянкестермен зақымдалуына есептеу жұмыстары жүргізіліп, «Акторофит» препаратының биологиялық тиімділігі анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша биологиялық препарат «Акторофит» 72-79% тиімділікті көрсетті, яғни, химиялық препараттармен бір деңгейде болды. 

Осы орайда, пестицидтік жүктемені төмендету мен экологиялық таза ауылшаруашылығы дақылдары өнімін алуда биологиялық препараттарды белсенді зерттеп, өндірісте қолдану маңыздылығы айтылды, әсіресе, егістіктерді зиянкестерден қорғау мен топырақты сауықтыруда. 

«Қаратомар» ЖШС – нің бас агрономы Мейірман Ахмеров биологиялық препараттарды қолдану тек рапс егістіктерін зиянкестерден қорғау ғана емес, сондай-ақ, таза өнім алудың кепілі екенін баса айтып, біріккен ғылыми өндірістік жұмыстар үшін ғалымдарға алғысын білдірді.


 

скачать dle 12.0
10 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх