А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ғылыми кеңестің отырысы өтті


Главная / Жаңалықтар






А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Ю.Ю. Долинныйдың төрағалығымен Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Күн тәртібіне Орталықтың ғылыми және селекциялық қызметінің өзекті мәселелері, сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері енгізілді.



         Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде 2024–2026 жылдары орындалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша ұсынымдарды бекіту болды. Баяндамалармен нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі Б.Ж. Жанзаков, танаптық дақылдардың агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасының меңгерушісі А.И. Құрбанбаев, агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі Б.Р. Ирмулатов және жемазықтық дақылдардың селекциясы зертханасының меңгерушісі В.И. Коберницкий сөз сөйледі. Талқылау барысында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, негізгі ғылыми жетістіктер және жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша практикалық ұсынымдар ұсынылды.

Сонымен қатар Ғылыми кеңестің отырысында ПЦФ іс-шараларын орындау шеңберінде Мемлекеттік сорт сынағына беру үшін жаңа сорттар туралы мәселе қаралды. Баяндамашылар – жемазықтық дақылдардың селекциясы зертханасының меңгерушісі В.И. Коберницкий және дәнді-бұршақ дақылдарының селекциясы зертханасының меңгерушісі Е.А. Тен перспективалы селекциялық әзірлемелер мен жаңа сорттардың сипаттамалары туралы ақпарат ұсынды.

«Бидай дәнінің технологиялық сапасының генетикалық негізі ретінде клейковиналық ақуыздар» монографиясына ерекше назар аударылды. Ғылыми еңбекті дайындау барысы туралы ақпаратпен биохимия және ауыл шаруашылығы дақылдарының технологиялық бағалау зертханасының меңгерушісі М.У. Утебаев сөз сөйледі.

Ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған материалдар жан-жақты талқыланып, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Отырыстың соңында Орталық қызметінің ағымдағы мәселелері



скачать dle 12.0
18 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх