ТМД елдеріндегі ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жаңа кеңесші Рафаэль Жозан А.И. Бараев атындағы АШҒӨО келді


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


2026 жылғы 30 қыркүйекте А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына Қазақстандағы Франция Елшілігінің Өңірлік экономикалық бөлімінің ТМД елдеріндегі ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жаңа кеңесшісі Рафаэль Жозан жұмыс сапарымен келді.



Сапар аясында Орталық басшылығы және ғалымдарының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Орталық басшысы Бауыржан Қалибаев француз дипломатына ұйымның ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметі, жүргізіліп жатқан зерттеулер, сондай-ақ селекция, тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылығы технологиялары саласындағы жұмыстарының нәтижелері туралы таныстырды. Кездесу барысында ғылыми ынтымақтастық, тұқымдарды сынақтан өткізу және селекция, тәжірибе алмасу, сондай-ақ екі елдің бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби байланыстарды дамыту бағыттарын қамтитын өзара іс-қимылдың перспективалы бағыттары талқыланды. Алдағы уақытта француздың тұқымдар мен көшеттер жөніндегі салааралық қауымдастығы SEMAE-нің Қазақстанға жоспарланған сапарына ерекше назар аударылатын болады. Аталған сапар тұқым шаруашылығы, селекция және аграрлық технологиялар салаларында француз және қазақстандық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.




Француз тарапы жылы қабылдау мен көрсетілген қонақжайлылық үшін алғысын білдіріп, Орталықпен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ тұрақты өзара іс-қимылды жолға қою және ынтымақтастық жөніндегі тиісті келісімдер жасау бағытындағы жұмысты жалғастыру ниетін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ғылыми және кәсіби байланыстарды нығайтуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ селекция, тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша тәжірибе алмасуды одан әрі жалғастыруға өзара мүдделі екенін растады.



Кездесу Қазақстан мен Францияның бейінді ұйымдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып, аграрлық саладағы бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға жол ашты.


скачать dle 12.0
9 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх