А.И. Бараев атындағы АШҒӨО жұмыс сапарымен ҚР Президентінің кеңесшілері Күнсұлу Закария мен Зульфия Сүлейменова келді


Жаңалықтар


Бүгін А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария, ҚР Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зульфия Сүлейменова, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, "ҰАҒББО" КеАҚ Басқарма төрайымы Айгүл Ахмеджанова ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің құнды генетикалық ресурстарын толықтыру, сақтау және молайту мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында делегация тәжірибелік танаптармен танысты, онда дәнді, дәнді-бұршақ, жемазықтық және көпжылдық дақылдардың жаңа сорттарының питомниктері, сондай-ақ оларды өсірудің агротехникалық әдістері ұсынылды.
Қонақтарға үлкен қызығушылық тудырған ғылыми зерттеулер мен селекциялық бағдарламалардың нәтижелері таныстырылды.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар генетикалық ресурстар зертханасына барды. Мұнда ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің генофондын зерттеу және сақтау, селекцияда пайдалану үшін құнды белгілердің көздерін іріктеу және генетикалық деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Кездесу барысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, агрогеномиканы дамыту және ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық деректер банкінің мәртебесін көтеру тұрғысынан ғылыми қамтамасыз ету, ғылыми зертханаларды материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі де қозғалды. Олар селекция саласындағы қазақстандық және халықаралық ғылыми институттардың күш-жігерін біріктіру қажеттілігіне назар аударды. Мамандардың жаңа буынын даярлауға ерекше көңіл бөлінді.
Анықтама үшін:
Генетикалық ресурстар зертханасы жұмыс істеген жылдары 20 000-нан астам жаздық жұмсақ және қатты бидай, арпа, сұлы, тритикале үлгілері зерттелді. Зерттеу барысында селекциялық құнды белгілерді жергілікті жағдайларға бейімделумен біріктіретін 2000 - ға жуық көз анықталды. Бөлінген үлгілер практикалық селекцияда пайдалану үшін Орталық, Қазақстан ҒЗИ селекционерлеріне берілді.
Зертхананың деректер банкі негізінде А.И. Бараев атындағы АШҒӨО дәнді және жемазықтық дақылдар генофондының әлемдік коллекциясының 8 каталогы жасалып, жарық көрді. Каталогтар селекционерлерге арналған, олар коллекцияны ең маңызды биологиялық және экономикалық құнды белгілер бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынады.
Дәнді және жемазықтық дақылдардың гендік қоры әлемнің 63 елінің сорттары мен гибридті нысандарымен ұсынылған (Қазақстан, Ресей, Канада, АҚШ, Беларусь, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Пәкістан, Жапония, Корея, Сирия, Түркия, Норвегия, Финляндия, Польша, Франция, Германия, Швеция, Бельгия және т.б.) және 6 653 үлгіні құрайды, оның 80% жаздық жұмсақ бидай.
скачать dle 12.0
6 836 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх