ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болды
Жаңалықтар
Бүгін ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып қайтты. Сапар кезінде ол Сандықтау ауданында көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты.
Онда далалық стационар жағдайында АШҒӨО-ның көшпелі презентациялық көрмесі көрсетілді.
Үкімет басшысы Асқар Маминге, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа, Ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы Димаш Таласбековке нақты егіншілік технологиясын, Солтүстік қуаң аймақтарда топырақтың құнарлылығын жақсарту жөніндегі ғылыми әзірлемелерді енгізу нәтижелерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ұсынылатын жаңа перспективалы сорттарды таныстырдым. Сондай-ақ дәнді-бұршақты дақылдар өндірісін кеңейту жөніндегі жоспарларды да жеткіздім.
871 -рет қаралды