Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді
Жаңалықтар
Бүгін 5 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді.
Сапар аясында А. Мамин "Журавлевка-1" ЖШС ауыл шаруашылығы кешеніне барып, Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы саласының келешегімен және егін ору науқанын өткізуге дайындық барысымен танысты.
Делегация құрамында ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев болды.
А. И. Бараев атындағы ҒӨО бас директоры К.Қ. Абдуллаев Премьер-Министрмен кездесуге қатысып, институт әзірлеген дәнді дақылдардың сорттары және осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ Кенже Абдуллаев Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен және "Жаһандық өзгерістер мен Жерді бақылау орталығының" директоры профессор Цзягуо Цимен кездесіп, Қазақстанның аграрлық саласының дамуы мәселелерін талқылады.
Делегация мүшелері отандық және шетелдік өндірістің ауыл шаруашылығы техникасы үлгілері қойылған арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Айта кетейік "Журавлевка 1" ЖШС ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, ірі қара мал мен жылқы шаруашылығымен айналысады. Жалпы жер көлемі-95.099 га, оның ішінде егістік - 74.404 га, жайылым-20695 га.
1 125 -рет қаралды