Аграрлық ғылым уақытпен қатар жүруі керек


Жаңалықтар

  Қазақстан Республикасы Президентінің Ғылым және инновация жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария жұмыс сапары аясында А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды. Іс-шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжуреков, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасы Айгүл Ахмеджанова, ғылым және жоғары білім, Ұлттық экономика, қаржы, Әділет министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері қатысты.

  А. И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың егістік алқабында өте қызықты әрі егжей-тегжейлі әңгіме болды. Бұл күні АШҒӨО ғылыми-эксперименттік алаңы аграрлық ғылым өкілдерін толғандыратын ең өзекті мәселелерді талқылау үшін диалог алаңы болды. Басқарма Төрағасы Савин Тимур орталықтың ғылыми-техникалық қызметінің негізгі бағыттары және нәтижелерімен таныстырды, сондай-ақ шешімін талап ететін ғылыми-өндірістік сипаттағы бірқатар нақты мәселелерге тоқталды.

  Тәжірибе алаңдарында ғалымдар адаптивті және агроландшафттық технологиялар зертханасының ғылыми-эксперименттік тәжірибелерін көрсетті, онда АШҒӨО жетекші ғалымы К.А. Ақшалов кездесуге қатысушыларды топырақтың құнарлылығын жақсарту және өнімділігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулермен таныстырды, сондай-ақ топырақтың деградациясы, әсіресе топырақтың су эрозиясы, осыған байланысты су тасқыны жағдайларының көріністері, өсімдіктерді аурулардан қорғау құралдарын қолдану, сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығы өндірісі үшін агротехнологиялық іс-шаралар жүргізу мәселелеріне назар аударды. Іс-шара барысында 2027 жылы Шортандыда (Қазақстан) өтетін ресурс үнемдегіш егіншілік бойынша кезекті 10-шы Дүниежүзілік «Conservation Agriculture» Конгресін өткізуге дайындық туралы айтылды.

 Сондай-ақ, кездесу барысында Орталық басшысы Т. Савин жеткіліксіз қаржыландыру мәселелеріне, сондай-ақ оны бөлу мерзімдеріне, мемлекеттік сатып алу бойынша сапасыз техника және тыңайтқыштар мен қосалқы бөлшектерді таңдаудағы шектеуге, ауылдарға ғылыми кадрлардың аз келуі және тұрғын үй жағдайларының болмауына назар аударды.

 Кездесу барысында ҚР Президентінің кеңесшісі Закария Күнсұлу кеңестің барлық қатысушыларының назарын өзінің министрліктері мен ведомстволары деңгейіндегі барлық мәселелерді пысықтауға және оларды шешу жөнінде нақты ұсыныстар беруге аударды, өйткені олардың барлығы Мемлекет басшысының аграрлық ғылымның тиімді қызметін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау туралы хаттаманың негізіне жатады. Кездесу соңында Закария Күнсұлу атап өткендей, атап өткендей, ауыл шаруашылығы ғылымының бұрыннан бар тереңде жатқан мәселелеріне назар аударып, оның ғылыми ізденістерін қолға алып, жаңа сұранысқа ие сорттар жасап, агротехнологияларды енгізетін кез келді.

скачать dle 12.0
408 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх