Ақмолалық агроном ғұмырын ғылымға арнаған
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Ақмола облысының Шортанды ауданында тұратын агроном-ғалым Қанат Ақшалв жарты ғасырдан астам ғылым саласында еңбек етіп келеді.

Жақында ғана 76 жасқа толған тәжірибелі маман, Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында 54 жыл бойы табан аудармай тер төгіп жүр. Егде жасына қарамастан әлі де тың. Иә, 80-ге таяған жасына қарамастан кейіпкеріміз әлі де қуатты. Бөлімдегі жас мамандармен бірге «ғылымды қалай дамытсам екен» деп, күндіз-түні дамыл таппайды. Ал агрономия ғылымына келуін нәпақасын жерден айырған ата-анасының тәрбиесімен байланыстырады. Себебі ауылда туып, ауылда өскен ол ес білгеннен ауыл шаруашылығымен айналысқан. Сөйтіп, бұл сала кейіннен оның өміріне айналды.

https://youtu.be/WlDjPvvA5gI?si=ZIZfkcrnSgTLas9W
23 -рет қаралды




















