Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру – уақыт талабы


Ғылыми мақалалар
Қазір өндіріс жағдайында интернет арқылы қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған фермаларды құруға мүмкіндік бар.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеттерінің бірі – цифрландыру. Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті Жолдауында аграрлық секторды жаңа технологиялық деңгейге көтеру, өсімдікті қорғау құралдарымен минералды тыңайтқыштарды енгізудің озық жүйелеріне, цифрлық технологияға өтудің қажеттігі атап өтілген болатын.

Мәселенің кілті ғалымдардың қолында

Өсімдік шаруашылығында пайдасы аз, суды көп сіңіретін дақылдарды өсіруді қысқарту, оның орнын көкөніс, майлы жəне жемшөп өнім дерімен алмастыру рет-ретімен жүргізілуі тиіс.

Сол үшін қуаңшылық аймақтарда топырақ танаптарын нөлдік өңдеудің заманауи технологияларын жəне басқа да инновациялар қолданысын кеңейту, агрохимикаттарды тиімді пайдалану бойынша шаралар кешені нақтыланған. Қазақстанның 2030 жылға дейін «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасына сəйкес, егістік алқаптарының 15%-ы ылғал үнемдейтін технологиялармен қамтылады. Ғылыми-техникалық бағдарламалар ғылым мен бизнестің тығыз ынтымақтастығын, ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің ғылыми инновацияларға сұранысын, еңбек өнімділігін жəне отандық өнеркəсіптің ғылыми-техникалық деңгейін арттыру мақсатында басқа елдерден прогрессивті идеялар трансфертін қарастырады. Жалпы, еліміздегі аграрлық саясаттың басты мақсаты – өңделген өнімді экспорттауды күшейту, еңбек өнімділігін арттыру. Бұл үшін қолданысқа енгізілетін «ақылды технологиялар» агроөндірістік кешеннің дамуына серпін беруі керек. Алайда, технологиялар трансфертімен айналысатын аграрлық ғылымды дамытпайынша, оны жүзеге асыру мүмкін емес деуге болады. Жаңа технологиялар дәстүрлі саланы өзгертеді Аграрлық ғылымы дамыған шет мемлекеттердің тəжірибесіне көз жүгіртіп көрейік. АҚШ, Еуропа, Канада, Аустралия, Қытай сынды елдердің озық ғылыми жетістіктерді қолданып келе жатқаны белгілі. Əсіресе соңғы 20 жылдағы жəне таяу болашақтағы даму бағыттарының бірі – нақты егіншілік. Дамыған елдердің тəжірибелері көрсеткендей, ғасырлар бойы бекіген дəстүрлі саланы цифрлы технологиялар түбегейлі өзгертті. Түрлі ақпарат көздерінен алынатын мəліметтер мен заманауи геоақпарат жүйелері ресурстарды саналы түрде пайдаланып, топырақты тоздырмай жоғары өнім алуға ықпал етуде.

Қазір өндіріс жағдайында интернет арқылы қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған фермаларды құруға мүмкіндік бар. Логистиканың дамыған жүйесі мен электронды сауда шағын фермерлік шаруашылықтардан тұтынушыға дейін өнімді сапасын бұзбай жеткізуге, сол арқылы өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ұлт саулығы, экспорттық əлеуетті жүзеге асыру тұрғысынан да экологиялық таза өнім өндірісін сақтау мен дамытудың маңызды факторы саналады. Ерекше атап өтерлік мəселе, ғылыми зерттеулер үдерісін жеделдетіп, оның нəтижелілігін арттыру барысында топырақ құрамы, климаттық жағдайлары арқылы алынған нəтижелер отандық тың əзірлемелер мен үздік шетелдік технологияларға негіз болуы тиіс. Бұл бағытта Солтүстік Қазақстан өңірінің топырақ-климаттық жағдайы түрлі дақылдың өнімділігін тұрақтандыру факторы болып отыр. Дақыл өнімділігінің атмосфералық жауын-шашын мөлшеріне тəуелділігін төмендету үшін өсіру технологияларын қарқындату қажет. А.И.Бараев атындағы орталықта жүргізілген зерттеулер қуаңшылық басым өңірлерде өсімдік шаруашылығы ең алдымен ауа райы жағдайларына жəне өсірудің заманауи жүйелерін игеру мəселелеріне, өндірілген өнімге қойылатын бағаның өзгергіштігіне жəне бір ғана дақыл жаздық бидай өндірісінің басымдылығына байланысты екенін көрсетеді. Қазақстанның астықты аймақтарындағы танаптарында əлі күнге дейін жаздық бидай өсіру кеңінен таралған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, былтыр Ақмола облысында жаздық бидайдың үлесі өңделген жерлерде 78%-ды құрапты.

Әртараптандыруға жол ашылады

Ауыспалы егіс зертханасында жүргізілген көп жылғы деректер мен өндірістік тəжірибенің нəтижесі бойынша егіншіліктің дəстүрлі жүйесі ішкі жəне сыртқы нарықтағы фермерлердің бəсекеге қабілеттігін арттырмайды, керісінше топырақ құнарының біртіндеп нашарлауы мен сарқылуына соқтырады.

Сондықтан институт ғалымдарының көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Солтүстік Қазақстандағы қуаңшылыққа арналған егіншіліктің өнімді ауыспалы егіс жүйесінің негізгі ұстанымдары əзірленді. Бұл қағида арқылы ауыспалы егістік танаптарында өсіріліп жатқан ауыл шаруашылығы дақылдарын əртараптандыру қажет. Мысалы, еліміздің солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарының табиғиклимат жағдайлары дəнді, майлы жəне жарма дақылдарын өсіру үшін өте қолайлы, оның өнімі де əлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие екені белгілі. Оған қоса соңғы жылдары жемазықтық дақылдарға (арпа, сұлы), майлы дақылдарға (майлы зығыр, жаз дық рапс, ақ қыша, күн бағыс), дəнді-бұршақты дақылдарға (жасымық, ноқат, асбұр шақ, соя) жəне тағы басқа дақылдардың экспортын арттыру үшін қолайлы нарықтық жағдай қалыптасқан. Енді дəлме-дəл егіншілік арқылы егілген егінді жинауға арналған оңтайлы уақытты болжау технологиялары, «ақылды суару», зиянкестермен, арам шөптермен күресу жəне минералды тыңайтқыштарды енгізудің дифференциалды жүйелерін жəне қазіргі заманғы жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын қолдану арқылы еңбек өнімділігінің бірнеше есе артуын қамтамасыз етуге болады. Пилотсыз техника адамның қатысу факторын азайта отырып, егіншіліктің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Одан қалды, жергілікті жағдайларға бейімделген ақпараттық технологиялар пайдалану, егіншіліктің қор үнемдегіш, тікелей себу жəне өсіру технологияларының элементтерін өндірістік жүйеге біріктіру танаптарда жыл сайын болатын эрозиялық үдерістерді қысқартады жəне жауын-шашынды пайдаланудың тиімділігі артады. Қазіргі таңда елімізде цифрлы технологиялардың игілігін көріп отырған өндірушілердің үлесі көп емес. Оған қоса ауыл шаруашылық жерлері тиімсіз пайдаланылады. Ал цифрлы технологиялардың көмегі мен ауыл шаруашылығын түрлендірудің үлкен мүмкіндігі бар.

Цифрландыру бағдарламасын қолдана отырып, аграрлық секторды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығаруға, ел экономикасының драйверіне айналдыруға əлеуетіміз жеткілікті. Қорыта келе, ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасының жүзеге асырылып жатқан шараларының негізгі бағыттары астықтың түсімі мен еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне ықпал етуі тиіс. Елімізде азық-түлік қауіпсіз дігінің сақталуы, климаттық жағдайлардың бұзылмауы, топырақ қабатының тозбауы жайлы жəне басқасына қатысты деректердің қолжетімді болуы цифрлы технологияларды аграрлық секторға біртіндеп енгізу арқылы жүргізіледі.

Алдаберген АЛДАОҢҒАРҰЛЫ,

A.И.Бараев атындағы АШҒӨО зертхана меңгерушісі

скачать dle 12.0
6 145 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх